АЛМАТЫ, 31 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 3 қыркүйекте Шығыс экономикалық форумына қатысады. Форум бейнеконференция форматында өтеді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
"3 қыркүйекте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен бейнеконференция форматында өтетін Шығыс экономикалық форумына қатысады. Жыл сайын Владивостокта өтетін форумның биылғы тақырыбы "Құбылмалы әлемдегі Қиыр Шығыстың жаңа мүмкіндіктері", - деп жазды ол.
Шара барысында Азия-Тынық мұхиты аймағы сауда-экономикалық ынтымақтастығының жаңа механизмдері талқыланады.
Оқи отырыңыз: Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасайды
Шығыс экономикалық форумы – Ресейдің Қиыр Шығысына шетелдік инвестицияларды тарту және Азия-Тынық мұхиты аймағында экономикалық ынтымақтастықты дамыту мақсатында жыл сайын Владивостокта өткізілетін халықаралық форум.