Экономика

Еңбек министрлігі қазақстандықтардың орташа зейнетақысын атады

© Sputnik Страница сайта казахстанского Единого накопительного пенсионного фонда (ЕНПФ) на экране компьютера
 Страница сайта казахстанского Единого накопительного пенсионного фонда (ЕНПФ) на экране компьютера - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2021
Жазылу
Міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық салынатын болса, зейнетақы жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдері соғұрлым көп болады

АЛМАТЫ, 12 тамыз – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы орташа зейнетақы 99 921 теңге екенін хабарлады.

"2021 жылдың қаңтар-шілдесінде республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 478, 9 миллиард теңгеден астам қаржы, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне 1 083 миллиард теңге бағытталды", - деп хабарлады еңбек министрлігі.

Ал 2021 жылдың шілдесінде республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 222,2 миллиард теңге, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 68,1 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 154,1 миллиард теңге бөлінді.

2021 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 миллион 238 мың адамды құрайды.

"Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (оның ішінде базалық зейнетақыны қосқанда) 2021 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша 99 921 теңгені құрады", - делінген ақпаратта.

Айта кетері, 2018 жылдың бірінші шілдесінен бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі әр алушыға оның зейнетақы жүйесіндегі тәжірибесін ескере отырып, жеке тағайындалады.

Егер зейнетақы жүйесіндегі жұмыс өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ егер мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ін құрайды. Содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2%-ке артады. 

Мысалы, 20 жыл жұмыс өтілі болса, базалық зейнетақы күнкөріс деңгейі құнының 74%-ін, 30 жылда күнкөріс құнының 94%-ін құрайды.

33 және одан да көп жыл жұмыс өтілі болса, күнкөріс деңгейінің 100%-і мөлшерінде жоғары белгіленеді.

Егер бір ай ішінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына МЗЖ бірнеше рет жасалса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір айды құрайды.

Осылайша міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық салынатын болса, зейнетақы жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдері соғұрлым көп болады.

Жаңалықтар
0