Экономика

Министрлік қазақстандықтардан көмек сұрады

© Sputnik / Абзал КалиевФрагменты купюр тенге
Фрагменты купюр тенге  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2021
Жазылу
Ведомство құрғақшылықтан зардап шеккен фермерлерге қолдау көрсетемін деушілерге арналған есепшот реквизиттерін жариялады

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз — Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі Маңғыстау облысындағы құрғақшылыққа байланысты қазақстандықтардан көмек сұрады.

"Ауа-райының қолайсыздығы мен салдары оңай болмай тұр. Қазақстанның көптеген өңірлеріндегі ерекше ыстық ауа райы құрғақшылыққа әкеп соқты. Жауын-шашын аздығынан Маңғыстау облысы қатты зардап шекті", - делінген хабарламада.

Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар зардап шеккен аймаққа қолдау көрсетіп, қажетті жұмыстарды атқарып жатыр. Бүкіл ел бойынша еріктілер де қомақты үлес қосуда.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкерлері қолайсыз табиғи құбылыстардан зардап шеккен тұрғындар мен фермерлерге көмек көрсетті. Олар өздерінің бір күндік жалақысын Маңғыстау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен құрылған арнайы шотқа жібереді.

Осыған орай, министрлік еңбек ұжымдарын қиын жағдайға тап болған жерлестерді қолдауға және қолдан келгенше көмек көрсетуге шақырды.

Төлемде құрғақшылықтан зардап шеккендерге қайырымдылық қаражаты екенін көрсету міндетті. Реквизиттер мына жерде жазылған.

Жаңалықтар
0