Экономика

Qazaq Air ұшақтары қазақстандық тіркеуден өтті

Самолет Qazaq Air - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2021
Жазылу
Қазақстанда пайдаланылатын барлық коммерциялық ұшақты репатриациялауға шамамен бес жыл қажет болады

АЛМАТЫ, 4 тамыз – Sputnik. Qazaq Air әуе компаниясының барлық ұшағы Қазақстанда тіркелді. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

"1 тамыздан бастап Qazaq Air-дің барлық ұшағының қазақстандық тіркеуі және өздерінің сертификатталған техникалық қызмет көрсету станциясы бар. Әуе компанияларының ұшақтарға техникалық қызмет көрсетудегі дербестігі жергілікті инженерлік құрамды ұзақ мерзімді дамытуға мүмкіндік береді. Qazaq Air жолаушылар үшін қолжетімді әуе тасымалын тиімді дамыту және қамтамасыз ету үшін ішкі локализацияны одан әрі жалғастыратын болады," - деді "Qazaq Air" АҚ басқарма төрағасы Пламен Атанасов.

Көктемде Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Qazaq Air әуе компаниясын De Havilland Dash-8 400 үлгісіндегі авиациялық техникаға қызмет көрсету және жөндеу бойынша сертификаттаудан өткізді.

"Бұл Қазақстанда пайдаланылатын барлық коммерциялық ұшақты репатриациялауға жасалған алғашқы қадам, оны аяқтауға шамамен бес жыл қажет. Qazaq air тіркеуді аяқтады және көп ұзамай біз екі кезеңдік процесс арқылы жүзеге асыралытын Air Astana әуе паркіне көшеміз: тіркеу алдымен Ирландияда, содан кейін жаңа ұшақтар 2024 жылдан бастап Қазақстанда тіркеледі деп күтілуде", – деді Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Питер Гриффитс.

Осы сертификаттаудан кейін Qazaq Air өз ұшақтарын қазақстандық әуе кемелерінің тізіліміне қайта тіркей бастады. Әуе кемесінің мемлекеттік тіркеу нөмірі - мемлекеттік авиациялық тізілімге енгізу рәсімі аяқталғаннан кейін берілетін сәйкестендіру нөмірі. Қазіргі уақытта Qazaq Air әуе компаниясының барлық әуе флотында жаңартылған UP (Қазақстанның азаматтық авиациясы) авиациялық тіркеу префиксі екенін атап өткен жөн. 

Жаңалықтар
0