НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов қоғамдық тамақтану саласының қызметкерлеріне 42 500 теңгеден төлеуге негіз жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ол карантиндік шектеулерге байланысты кәсіпкерлер кірісінен айырылып жатқанын түсінетінін айтты. Десе де бизнесмендерге аптасына бес күн жұмыс істеуге жағдай жасалып отыр.
"Бір аптадан кейін Ashyq жобасының лидерлері үшін жағдайды жақсартамыз. Егер сен бизнесмен болсаң, Ashyq-қа қосылсаң, түн ортасына дейін жұмыс істей аласың", - деді басқарма төрағасы.
Мырзахметов бір жұмадан кейін нысандардың жұмысына талдау жасалып, Ashyq көшбасшылрына демалыста да жұмыс істеуге мүмкіндік берілуі мүмкін екенін атап өтті.