18:04 05 Тамыз 2021
Тікелей эфир
  • USD424.02
  • EUR502.76
  • RUB5.82
Экономика
Қысқа сілтеме алу
2009 0 0

Биыл атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге бюджеттен 122,8 миллиард теңге бөлінді

НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде – Sputnik. 2021 жылдың 1 шілдесіндегі мәлімет бойынша 168,3 мың отбасындағы 816,2 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындалды, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.  

Биыл осы мақсаттарға бюджеттен 122,8 миллиард теңге бөлінді.

"АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-нен төмен азаматтарға тағайындалады", - деп хабарлады ведомство.

Бұдан басқа, АӘК көрсетудің жаңа тетігін іске асыру шеңберінде еліміздің барлық өңірінде табысы аз отбасылардың мектеп жасына толмаған балаларын кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

2021 жылғы 1 шілдеде АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 201,5 мың балаға азық-түлік және тұрмыстық химия заттарының жиынтығы түрінде әлеуметтік топтама тағайындалды.

Оқи отырыңыз: Еңбек министрлігі орташа зейнетақы мөлшерін жариялады 

Естеріңізге сала кетейік, АӘК алушыларға ТЖ режимі мен карантиндік шектеу шараларының қолданылуына байланысты 2020 жылғы II, III және IV тоқсандарда, сондай-ақ 2021 жылғы I, II тоқсандарда көмек тағайындау ұзартылды.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, сондай-ақ egov.kz электронды үкімет порталы арқылы бере алады.

Кілт сөздер:
атаулы әлеуметтік көмек, жәрдемақы
Загрузка...

Басты тақырып