АЛМАТЫ, 19 шілде – Sputnik. "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ "Байкен-U" ЖШС сатып алу департаментінің басшысы пара алу ісі бойынша ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мердігер ұйым өкілінен 2,2 миллион теңге көлемінде пара алғаны үшін "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ "Байкен-U" ЖШС сатып алу департаментінің басшысын ұстады", - делінген ақпаратта.
Лауазымды тұлға орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қою және қызмет көрсету шарты бойынша аудару үшін ақша алған.
Өзге ақпарат жарияланбайды. Тергеу жалғасып жатыр.
"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ – дүниежүзіндегі ауқымды ресурстық базаның бірін игеру басымдығына ие әлемдегі ең ірі табиғи уран өндіруші.
Қазақстанның бес аймағында орналасқан компанияның 40 өндірістік нысанында 20 мыңға жуық қызметкер жұмыс істейді.