Экономика

Қазақстанда төрт проценттік автокредит бағдарламасы тоқтатылды 

© Sputnik / Владислав ВодневМужские ноги в окне машины в жару
Мужские ноги в окне машины в жару - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2021
Жазылу
Автокөлік сатып алушыларға кредит беру үшін бұған дейін Ұлттық банк бөлген 40 миллиард теңгені одан әрі пайдалану мүмкіндігі қарастырылған

НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым – Sputnik. Ұлттық банк жеңілдетілген автокредит бағдарламасының тоқтатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресми мәліметке сәйкес, Ұлттық банк бағдарламаны 2019–2020 жылдары жүзеге асыру үшін жалпы сомасы 40 миллиард теңге бөлген болатын. Осылайша, бір жылға 20 миллиард теңге қарастырылған. Бағдарламаның шарттарына сәйкес, отандық өндірістен шыққан жеңіл автокөліктерді сатып алғысы келетін жеке тұлғалар екінші деңгейлі банктер арқылы 4% номиналды ставкамен несие рәсімдей алады.

"Ұлттық Банк басқармасының 2021 жылдың 24 мамырындағы №56 шешімімен бағдарлама тоқтатылды. Дегенмен Қазақстанда шығарылған жеңіл автокөліктерді сатып алушыларға несие беру үшін бұған дейін Ұлттық Банк бөлген 40 миллиард теңге қаржыны одан әрі пайдалану мүмкіндігі де қарастырылды", - делінген банктің Sputnik Қазақстанның сауалына жіберген ресми жауабында.

Осы орайда банк қызметкерлері 27 мамырға дейін ұлттық банктің есебінен 48,8 миллиард теңгеге барлығы 8 546 кредит берілгенін жеткізді. Соның ішінде 8,8 миллиард теңгесі алғашқы уақыттағы автокредиттер (айналым механизмі) қайтарымынан түскен қаражат есебінен жүзеге асырылған.

Оқи отырыңыз: Астаналық бухгалтер 4 проценттік автокредитті қалай алғанын айтып берді

 

Жаңалықтар
0