Экономика

Қазақстан экономикасы белсенді түрде қалпына келіп жатыр – Мамин

© Photo : Pixabay / EdarКалькулятор, архивное фото
Калькулятор, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.06.2021
Жазылу
Машина жасау, химия өнеркәсібі, фармацевтика және жеңіл өнеркәсіп жоғарғы өсімді көрсетті, деді премьер

НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Үкімет басшысы Асқар Мамин ел экономикасының барлық саласында оң өсім байқалып жатқанын мәлімдеді, деи хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Биыл Қазақстан экономикасы белсенді түрде қалпына келіп жатыр. Бес айдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнімнің өсімі 1,6%-ті құрады. Экономиканың барлық саласында оң өсім байқалып отыр", - деді Мамин парламет палаталарының бірлескен отырысында.

Айтуынша, машина жасау, химия өнеркәсібі, фармацевтика және жеңіл өнеркәсіп жоғарғы өсімді көрсетті. Құрылыс саласы мен тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша да өсу қарқыны жоғары. Ауыл шаруашылығында тұрақты өсу қарқыны байқалады. Қызмет көрсету саласы екі ай қатарынан оң өсім көрсеткен.

"Азық-түлік қауіпсіздігі деңгейін арттыру жұмысы белсенді жүріп жатыр. 29 негізгі азық-түлік тауарының 11-і жүз пайызға қамтамасыз етілген, ал 12 тауар бойынша – 80%-тен артық. 6 тауар бойынша әлі де импортқа тәуелділік бар.  Оны азайту үшін Азық-түлік тауарлары өндірісін ұлғайту бойынша кешенді жоспар іске асырылып жатыр", - деді премьер.  

Импортқа тәуелділікті азайту үшін биыл 35 сүт-тауарлы ферма, 2 200 гектар бау-бақша,  2 ет комбинаты, 5 құс фабрикасы, 4 балық өндірісі нысаны іске қосылады деп жоспарлануда.

Оқи отырыңыз: Мамин халықтың табысы 5%-ке өсетінін айтты 

Сонымен қатар 2022-2023 жылдары тағы 70 сүт-тауарлы фермасын, 4400 гектар бау-бақша, 4 ет комбинатын, 6 құс фабрикасын, 4 балық өндірісі объектісін және 1 қант зауытын іске қосу жоспарланған.

Осының барлығы 2024 жылға қарай ішкі нарықты негізгі азық-түлік тауарларымен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, деді Мамин.

Жаңалықтар
0