Экономика

Көгілдір отын жағатын тұрғындар саны көбейіп келеді – Тоқаев

© Photo : официальный сайт акимата Нур-Султана Газовое оборудование
Газовое оборудование  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2021
Жазылу
Мемлекет басшысы газ саласын дамытудың және басқарудың қазіргі моделі жаңғыртуды қажет ететінін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым – Sputnik. Еліміз газды жылдан жылға көбірек тұтынуда, алайда газ өндіру қарқыны оған сай емес. Бұл туралы Ақордада өткен газ саласын дамыту жөніндегі кеңесте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.  

"Өнеркәсіп өндірістерін газға көшіретін жаңа жобалар іске қосылуда. Көгілдір отын жағатын тұрғындар саны көбейіп келеді. Сондықтан газға деген сұраныс арта түседі. Осы сұранысқа сай әрдайым ұсыныс болуға тиіс", – деді Тоқаев.    

Газ саласын дамытудың негізгі жолдары жөніндегі баяндамаларды тыңдаған мемлекет басшысы саланы дамытудың және басқарудың қазіргі моделі жаңғыртуды қажет ететінін айтты.

"Газ кен орындарын барлап, игеруде, соның ішінде, Каспий активтері бойынша іс жүзінде алға жылжу жоқ. Сондықтан  газдың ресурстық базасын геологиялық барлау жұмыстары арқылы кеңейту үкімет пен "Самұрық-Қазына" қоры үшін саланы дамытудың негізгі басымдықтарының бірі болуға тиіс", – деп атап өтті мемлекет басшысы.

Президенттің пікірінше, саланың инвестициялық тартымдылығын арттыруға баса мән беру керек. Қазіргі жүйе аясында пайдалы қазбаларды игерушілер газ өндірісі мен газ өңдеу қуатын арттыруға мүдделі емес. Үкіметке газ өндіру саласына инвестиция тарту жолдарын іздестіру жөнінде тапсырма берілді.

Оқи отырыңыз: Тоқаев жұмысына салғырт қараған әкімдіктерді атады

Бейне байланыс режимінде өткен жиын барысында Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев және "Теңізшевройл" ЖШС-нің бас директоры Кевин Лайон баяндама жасады.

Жаңалықтар
0