16:45 05 Тамыз 2021
Тікелей эфир
  • USD424.02
  • EUR502.76
  • RUB5.82
Экономика
Қысқа сілтеме алу
3119 0 0

Еңбек министрлігінің ақпаратынша, қазір республикада екі миллионнан астам зейнеткерге зейнетақы төленеді

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,1 триллион теңгеден астам зейнетақы төленді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратынша, 2021 жылдың қаңтар-мамыр айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 342,6 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне 774,8 миллиард теңге бағытталды.

"1 маусымдағы жағдай бойынша зейнетақының орташа мөлшері (базалық зейнетақыны қосқанда) 100 019 теңгені құрады", - делінген ресми сайтта.

Ведомствоның мәліметінше, қазір Қазақстанда 2 миллион 243 мың зейнеткер бар.

Зейнетақы неден құралады

Зейнетақы төлемі үш деңгейден құралады:

  • Базалық зейнетақы;
  • Ынтымақты немесе еңбек зейнетақысы (1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтіліне байланысты);
  • Жинақтаушы зейнетақы (1998 жылдың 1 қаңтарынан кейін қорға аударылып отырған жарна есебінен).

Базалық зейнетақы

Бұған дейін Қазақстанда базалық зейнетақы барлық зейнеткерге бірдей мөлшерде төленетін. 2018 жылдың 1 шілдесінен базалық зейнетақыны тағайындау әдістемесі өзгерді. Қазір оның мөлшері азаматтардың еңбек өтілі мен зейнетақы жүйесіне қатысу ұзақтығына тәуелді.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда зейнет жасы қашан көтеріледі

Егер зейнеткердің еңбек өтілі 10 жыл немесе одан кем, не мүлде болмаса оған ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-і төленеді. Яғни 10 жылға дейін – бұл кепілдендірілген көлем. Қазақстанда базалық зейнетақыны бұл сомадан төмен ешкім алмайды. Ал егер еңбек өтілі 10 жылдан асса, онда тағы 2% үстеме қосылады. Мәселен, 11 жыл еңбек өтілі барлар төменгі күнкөріс деңгейінің 56% алады. Ал еңбек өтілі 33 жыл немесе одан да көп азаматтарға ең төменгі күнкөріс деңгейінің жоғары мөлшері – 100%-і төленеді.

Міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық салынатын болса, зейнет жасына жеткенде базалық зейнетақының мөлшері соғұрлым көп болады.

Ал жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет) және зейнеткерлікке дейін алған орташа айлық табысқа байланысты болады.

Тақырып бойынша

Депозиттегі ақша зейнетақы есепшотына аударылады – БЖЗҚ себебін түсіндірді
Зейнетақы жинағын пайдалану ережесі өзгереді – жаңа жүйенің пайдасын кім көреді
Қазақстанда зейнетақы жинағына қатысты жаңа өзгеріс күшіне енді
Тоқаевтың зейнетақы жинағына қатысты тапсырмасы қалай орындалып жатқаны айтылды
Кілт сөздер:
зейнетақы, базалық зейнетақы
Загрузка...

Басты тақырып