Экономика

Ұзаққа созылған шикізаттық суперцикл аяқталып келеді – Тоқаев

© Sputnik / Владислав Воднев Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев
 Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2021
Жазылу
Президент Қазақстан экономикалық жүйе ретінде тек ішкі инвестиция, ішкі сұраныс пен шикізат экспортына ғана арқа сүйей алмайтынын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өңделген өнім экспортын дамыту қажеттігін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгінгі пленарлы отырыстың тақырыбы шикізаттық емес экспортты дамытуға арналған. Мен ұзаққа созылған шикізаттық суперцикл аяқталып келе жатқанын талай рет айттым. Мұнайға сұраныс пен бағаның құбылуына қарағанда, ағымдағы конъюнктура тек ахуалдық, нарықтық себептермен ғана анықталып отырған жоқ, оған терең технологиялық өзгеріс түрткі болып отыр", - деді Тоқаев шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында.

Президент Қазақстан экономикалық жүйе ретінде тек ішкі инвестиция, ішкі сұраныс пен шикізат экспортына ғана арқа сүйей алмайтынын атап өтті.

Ол үкімет елге сапалы шетелдік инвестиция тарту үшін инвесторларға барынша жағдай жасау саясатын жалғастыратынын айтты.

Оқи отырыңыз: Тоқаевтың қатысуымен шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы басталды

"Біз өңірде және ТМД-да көшбасшылығымызды сақтауға ниеттіміз", деді мемлекет басшысы.

Тоқаев өңделген өнім экспортын дамыту қажеттілігін атады. Өйткені бұл, айтуынша, шикізаттың құбылмалы бағасына сақтандыру, қосымша экспорттық түсім және ұлттық экономиканың сұранысқа ие сапалы тауарар мен қызметтер өндіруге қабілетті екенінің көрсеткіші.

Жаңалықтар
0