Экономика

Қазақстанда картоп қымбаттауының себебі неде

© Photo : pixabay / stanbalikКартоп
Картоп - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2021
Жазылу
Үкімет соңғы күндері қалыптасқан негізгі азық-түліктің, соның ішінде картоп бағасын қымбаттатпаудың жолын таба алмады

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Қазақстан өңірлерінде өткен жылғы картоп өнімінің бағасы шарықтап тұр. Осы көкөніс тапшылығы жағдайды ушықтыруда, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Картоптың "отаны" саналатын Солтүстік Қазақстан облысында бұл көкөністің бір килограмы 500 теңгеден сатылып жатыр. Тұрақтандыру қорынан әлдеқайда арзан бағада картоп сатып алу үшін адамдар ұзын-сонар кезекке тұруға мәжбүр. Алайда бір адамның қолына үш келіден артық картоп берілмейді және кезек күткендердің барлығы "олжалы" қайтып жатқан жоқ.

"Таңғы сағат 7-де кезекке тұрғанмын. Бөлім сағат 10-да ашылды да, картоп үшін тура бір соғыс басталғандай болды. 3 килограмм картоп үшін", – дейді сатып алушылардың бірі.

Шенеуніктердің айтуынша, өткен жылы өнімнің аз түсуіне байланысты картоп тапшылығы туындап отыр. Енді алыпсатарлар осы жағдайды пайдаланып, жоғарыдан бақыланбайтын бағаны шарықтатып жатыр.

Шенеуніктер бұл қымбатшылық маусымдық сипатта болады және елдің оңтүстігінде картоптың алғашқы өнімі піскенде, баға арзандайды деп үміттенуде.

Алайда Қазақстанның оңтүстігінен жеткен жаңа өнімді Ақтөбе облысында бір килограмы үшін 300-400 теңгеден сатып жатыр. Бұл шаруалардың өз табыстарынан айырылғылары келмей, осы жақтағы бағаға бейімделуімен сипатталып отыр.

Оқи отырыңыз: Картоп ауыр дертке шалдықтырады: қалай жеген зиянсыз

Егіс даласынан картоптың бір килограмы 280 теңгеден, сәбіз бен қызылша – 320 теңгеге дейінгі бағада саудалануда. Сонымен қатар картоп бағасына тасымалдау шығындары да кіріктірілуде. Ал жанармай бағасы арзан емес екені белгілі.

Жаңалықтар
0