Экономика

Қытайда Назарбаев атындағы ғылыми-инновациялық зертхана ашылды

© Photo : министерство иностранных дел Республики КазахстанҚытайдың Нанкин қаласында Елбасы атындағы зертхананың ашыла сәті
Қытайдың Нанкин қаласында Елбасы атындағы зертхананың ашыла сәті - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2021
Жазылу
Зертхана жасанды интеллект, блокчейн және big data технологияларын зерттеумен айналысады

НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым – Sputnik. Қытайдың Нанкин қаласында Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атындағы ғылыми-инновациялық зертхананың ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі.

Қытайдың "Бір белбеу, бір жол" бастамасы және қазақстандық "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында жобаларды ілгерілету және ғылыми сүйемелдеуге тәжірибелік қолдау көрсету жаңа ашылған зертхананың басты міндеті болады.

Мұнда блокчейннің заманауи технологиялары, жасанды интеллект пен ауқымды мәліметтерді қолдану арқылы көлемді зерттеулер жүргізіледі. Осы жұмыстарға екі елдің жетекші ғалымдары мен тәжірибелі мамандары тартылады.

Оқи отырыңыз: Назарбаев өзіне тағы бір ескерткіш қоюға қатысты пікір білдірді

G-Global Халықаралық хатшылығы мен оның Қытайдағы стратегиялық серіктесі – China Silk Road Group компаниясы зертхананың тең құрылтайшылары атанды.

Жаңалықтар
0