22:44 12 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD427.15
  • EUR519.12
  • RUB5.96
Экономика
Қысқа сілтеме алу
708 0 0

Ерболат Досаев мемлекет басшысына биылғы мамырда инфляцияның 7,2 пайызға дейін үдеу себебін түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысына биылғы қаңтар-мамыр айындағы ақша-несие саясатын жүзеге асырудың алдын ала қорытындылары және әлемдегі іскерлік белсенділіктің қалпына келуі жөнінде, инфляцияның өсуі мен инфляциялық болжамдар аясында орталық банктердің бейтарап ақша-несие саясатына көшуі туралы баяндалды.

Тоқаевқа ел экономикасы өсімінің оң бағыт алуы және оның биылғы даму перспективалары, сондай-ақ мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында жекелеген инвесторлар мен резидент емес адамдардың іскерлік белсенділігінің қайта қалпына келуі жайында ақпарат берілді.

"Президентке алтын бағасының өсуі мен сыртқы нарықтардағы қолайлы жағдайдың нәтижесінде инвестициялық кіріс пен ұлттық қорға түскен қаржының артуына байланысты 2016 жылғы қыркүйектен бері алғаш рет Қазақстанның жалпы халықаралық резервтерінің көлемі 95 миллиард АҚШ долларына дейін жеткені айтылды", – делінген хабарламада.

Ерболат Досаев мемлекет басшысына биылғы мамырда инфляцияның 7,2 пайызға дейін үдеу себебі мен ұлттық банктің биылға арналған негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша жаңартылған болжамдарын жеткізді.

Сонымен қатар банк жүйесіндегі теңгелік салымдардың өсу үрдісі мен ұлттық банк есебінен қаржыландырылатын дағдарысқа қарсы президент бастамаларының орындалу барысы туралы мәлімет берілді.

Оқи отырыңыз: Ұлттық банк әлеуметтік әмиян қашан қолданысқа енгізілетінін жария етті

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нақты тапсырма берді.

Тақырып бойынша

Ұлттық банк карта арқылы төлем жасауға қатысты ақпарат бөлісті
Ұлттық банк "Белка. Стрелка" және "Сүндет той" коллекциялық монеталарын шығарды
Тоқаевтың тапсырмасы: Ұлттық банк төрағасы президентке есеп берді
Ұлттық банк теңгенің неге әлсіреп кеткенін түсіндірді
"Жауап бермеңіз": Ұлттық банк қазақстандықтарды сақтандырды
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, Ұлттық банк
Загрузка...

Басты тақырып