Экономика

Келесі жылы учаскелік инспекторлардың жалақысы өседі

© AFP 2024 / RUSLAN PRYANIKOVКазахстанский полицейский в маске
Казахстанский полицейский в маске  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2021
Жазылу
2019 жылы учаскелік инспекторлардың жалақысы 25 процентке өскен, қазіргі кезде олардың айлығы - 170 000–260 000 теңге

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр — Sputnik. Келесі жылдан бастап учаскелік инспекторлардың жалақысы тағы 30 процентке өседі. Бұл туралы ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"2019 жылы учаскелік инспекторлардың жалақысы 25 процентке өскен. Қазіргі кезде олардың айлығы 170 000–260 000 теңгені құрайды. Ал келесі жылы тағы 30 процентке көтеріледі", - деді Баймұқашев орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, былтырдан бері учаскелік инспекторларға үйді жалдауға арналған өтемақы төленеді. Биылдан бастап осы тізімге инспекторлардың көмекшілері де енді.

"Сосын осы жылы сәуір айынан бастап инспекторлар тұрғын үй төлемдерін үйді жеке меншікке сатып алу үшін қолдана алады. Ол үшін ақшаны бөліп төлеуге, я болмаса, ипотекалық несие алуға болады", - деп атап көрсетті Баймұқашев.

Учаскелік полиция пункттерін салу жұмыстары да жалғаса береді. Алдағы уақытта жыл сайын 78 учаскелік полиция пункті салынады. Бүгінде осы мәселе бойынша министрлік пен әкімдіктер арасында тиісті меморандумдар рәсімделді.

Оқи отырыңыз: Министр күзде кімнің жалақысы өсуі мүмкін екенін айтты

 

Жаңалықтар
0