Экономика

1 маусымға дейін QR-кодты кімдер алуы керек – министрлік жауабы

© Sputnik / Абзал КалиевСатып алушылар, архивтегі сурет
Сатып алушылар, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2021
Жазылу
Дүкен сатушысы чек бермесе, банк картасын қабылдамаса, клиент QR-код арқылы құзырлы органдарға шағымдана алады

НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр – Sputnik. Мамыр айының соңына дейін көтерме және бөлшек саудамен айналысатын кәсіпкерлер жеке QR-код алып үлгеруге тиіс. Бұл туралы Қазақстанның қаржы министрлігі хабарлады.

"Осы жылдың 1 маусымына дейін жабық базарларда, сауда үйлері мен павильондарда көтерме және бөлшек саудамен айналысатын кәсіпкерлер жеке QR-код алуы қажет. Бұл шара сатып алушыларға көрсетілетін қызметтің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді", - делінген ведомство баспасөз қызметінің хабарламасында.

Министрліктің мәліметінше, QR-код дүкендерді сәйкестендіру үшін керек.

Мәселен, егер сатушы фискальды чек бермесе, банк картасын қабылдаудан бас тартса, тауар сертификатын немесе лицензиясын көрсетпесе, сатып алушы QR-кодты сканерлеп, қағаз күйінде немесе мобильді қосымша арқылы мемлекеттік кірістер органдарына тікелей шағымдануға құқылы.

Жаңалықтар
0