Экономика

Министр күзде кімнің жалақысы өсуі мүмкін екенін айтты

© Sputnik / Абзал КалиевПортмоне с деньгами
Портмоне с деньгами - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2021
Жазылу
Облыстық мәдениет мекемелері, музей мен кітапхана қызметкерлерінің жалақысы соңғы он екі жылда өспеген

НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Биыл күзде мәдениет саласындағы қызметкерлердің жалақысы көтерілуі мүмкін. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

Айтуынша, мәдениет саласының, әсіресе, облыстық мәдениет мекемелері, музей мен кітапхана қызметкерлерінің жалақысы соңғы он екі жылда өспеген.  

"2020 жылы қаңтарда республикалық мәдениет, мұрағат ұйымдарында жалақы 50%-ке, жергілікті деңгейдегі ұйымдарда 35%-ке ұлғайды. Биыл айлықты кезекті рет өсіру бойынша жұмыс атқарылды", - деді Райымқұлова халыққа есеп беру кездесуінің қорытындысы бойынша брифингте.

Мәдениет министрлігі еңбекақыны арттыруға қатысты республикалық бюджет комиссиясына өтінім берген. Ведомство басшысы пандемиямен байланысты ахуал жақсаруына байланысты үкімет өтінімді қолдайды деп үміттенеді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда жалақысы ең төмен өңірлер аталды 

"Жалпы үкімет мәдениет ұйымдары мен мұрағаттарда істейтін барлық деңгейдегі қызметкердің жалақысын өсіру туралы бастамамызды қолдап отыр. Күзде еңбекақы көтеріледі деген ойдамын", - деді министр.

Ол биыл екі театр академиялық мәртебе, ал бес ұйым ұлттық мәдени нысан атағын алғанын еске салды. Айтуынша, осы мәртебенің арқасында бұл ұйым жұмысшыларының жалақысы артады.

Жаңалықтар
0