04:12 17 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD425.63
  • EUR515.99
  • RUB5.92
Экономика
Қысқа сілтеме алу
90 0 0

Тоқаев пен Досаевтың кездесуінде азаматтарды зейнетақы жинақтарының жеткілікті деңгейімен қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан қосымша шаралар жайы сөз болды

НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдап, нақты тапсырмалар жүктеді, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысына биылғы 4 ай ішіндегі ақша-кредит саясатын жүзеге асырудың алдын ала қорытындылары, коронавирус пандемиясының үшінші толқыны кезіндегі әлемдік экономиканың даму перспективалары, сондай-ақ әлемдегі инфляцияның өсуі мен басқа да инфляциялық мәселелер туралы есеп берілді.  

"Президентке осы жылдың сәуір айында Қазақстандағы жылдық инфляция мен оның сұранысты қалпына келтіруге қатысты азық-түлікке жатпайтын бөлігіндегі үдеу қарқыны жайында баяндалды", – делінген ақпаратта.

Сонымен қатар Ерболат Досаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2021 жылдың бірінші тоқсанындағы төлем балансына берілген алдын ала баға туралы және биылғы 4 айдағы алтын валюта қорының ұлғаюы мен ұлттық қордың активтерін басқару жөнінде айтты.

Бұдан бөлек кездесуде мемлекет басшысына биылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша экономиканы несиелендіру және депозиттер көлемінің өсімі жайлы мәлімет берілді, сондай-ақ азаматтарды зейнетақы жинақтарының жеткілікті деңгейімен қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан қосымша шаралар сөз болды.

Оқи отырыңыз: Досаев Тоқаевқа зейнетақы активтерінің жағдайы туралы есеп берді

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нақты тапсырма берді.

Тақырып бойынша

Досаев қазақстандықтардың кредиті туралы айтты
Жыл соңына дейін инфляция 8%-ке дейін өседі 
Досаев теңге бағамына теріс әсер ететін факторды атады
Алдағы үш жылда Қазақстанда инфляция 4%-ке дейін төмендейді
Қазақстанда жылдық инфляция 7,4%-ке дейін баяулады
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, Ерболат Досаев, инфляция
Загрузка...

Басты тақырып