07:05 07 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD426.99
  • EUR514.35
  • RUB5.72
Экономика
Қысқа сілтеме алу
27 0 0

Премьер-министр одақтың коронавирус пандемиясынан кейін экономиканы қалпына келтіру туралы ойланатын уақыты келгенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір – Sputnik. Еуразия экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудан пандемиядан кейінгі қалпына келтіру жоспарына көшуі керек, деп мәлімдеді премьер-министр Асқар Мамин Қазанда өткен  Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында.

Маминның айтуынша, ең алдымен одаққа қатысушы мемлекеттер арасындағы өнеркәсіптік кооперацияны күшейту қажет.

"Біздің ішкі және сыртқы экономикадағы басымдықтарымыз кризис-менеджменттен әлдеқайда ұзақмерзімді мақсат пен міндет тарапына қарай ығысуы керек. Осыған байланысты әлем нарығындағы қазіргі жағдайды ескере отырып, ЕАЭО-ның пандемиядан кейінгі дамуын қалыптастыру және жүзеге асыру бойынша бірлескен жұмыстар жүргізуіміз маңызды бағыт блуы қажет", - деді ол.

Асқар Мамин бәсекелестік күшейіп жатқан уақытта ортақ өндірістік жүйелерді қалыптастыру қарқынын айтарлықтай арттыру керек екенін мәлімдеді. Ол кейбір мемлекеттер алдағы онжылдықтарда тұрақты өсім мен бәсекеге қабілеттіліктің кепілі бола алатын стратегиялық ресурстар мен тауарлардың жекелеген түрлерін бақылауға ұмтылып жатқанын ескертті. Премьер-министр Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерін мысал етіп, олардың электрлі автомобиль жасау, батарея мен энергия үнемдеуші технологиялар өндірісі секілді салаларда интеграцияланған өндірістік жүйелер құра бастағанын айтты.

Оқи отырыңыз: Қазақстан ЕАЭО-дағы өнеркәсіптік ынтымақтастықты қайта қарастыруды ұсынды

"ЕАЭО елдерінде адами және ресурстық әлеуеті бойынша барлық стратегиялық маңызды өнім түрлерінің жаңа өндірісін қалыптастыру жөнінде өзгелерден озық бола алады", - деп сенім білдірді премьер-министр.

Асқар Мамин ЕАЭО-ның көлік-логистикалық саладағы мүмкіндіктерін де атап өтті.

"Кейбір өңірлердің транзиттік әлеуетінің бұлыңғырлығы мен бағдарлардың сенімсіздігінен қауіп-қатердің артуына байланысты туындаған халықаралық көлік ағынын ауқымды қайта бөлу жағдайында біз тасымалдау нарығындағы үлесімізді арттыра аламыз. Бұған дейін біз үшін қолжетімсіз болған сыртқы өндірістік процестерге қосылуға да  мүмкіндік бар", - деді Мамин.

Ол 2020 жылы пандемияға қарамастан Қытай – Еуропа – Қытай бағытында ЕАЭО аумағындағы контейнерлік тасымалдау өсімі 64%-ті құрағанын айтты. Сондай-ақ осы жылдың алғашқы үш айында өсім 133-ті құрады.

Кілт сөздер:
ЕАЭО, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып