07:03 07 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD426.99
  • EUR514.35
  • RUB5.72
Экономика
Қысқа сілтеме алу
21 0 0

Тараптар сауда-экономика, көлік-логистика, энергетика, геология салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады

НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Ресей Федерациясының Қазан қаласына жұмыс сапары аясында РФ үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесу өткізді.

"Тараптар сауда-экономика, көлік-логистика, энергетика, геология салаларындағы, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперация, АӨК, трансшекаралық өзендердің су ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғау салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады", - деп хабарлады Қазақстан үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ кездесуде Еуразиялық экономикалық одақ форматындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды.

COVID-19 таралуына қарсы күрес және екі елдің экономикалары үшін пандемияның салдарын жою жөніндегі бірлескен шараларға ерекше назар аударылды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша екі елдің үкімет басшыларының қатысуымен келесі бірқатар құжатқа қол қойылды:

  • ҚР мен РФ үкіметтері арасындағы 2021-2025 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастықтың кешенді бағдарламасы;
  • "Қазгеология" АҚ мен "Росгеология" АҚ арасындағы ҚР, РФ және шет мемлекеттердің аумақтарындағы пайдалы қазбалар кен орындарын геологиялық зерттеу саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
  • ҚР аумағында көмірсутегі кен орындарын игеру және геологиялық барлау бойынша бірлескен қызмет саласындағы жобаларды іске асыру ниеті туралы келісім;
  • "ҚР-да бутадиен және туынды өнімдер өндірісі" жобасын іске асырудың жол картасы;
  • "Бутадиен" жобасын басқару мәселелері жөніндегі шекті шарт; "KIDF Management company" Ltd, Ресей тікелей инвестициялар қоры (РТИҚ) және "Mubadala Investment Company" арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
  • қатты пайдалы қазбалар бойынша юниорлық компаниялардың Еуразиялық биржасын құру туралы меморандум.

Мамин Қазан қаласына жұмыс сапары аясында Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысады.

Загрузка...

Басты тақырып