06:54 07 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD426.99
  • EUR514.35
  • RUB5.72
Экономика
Қысқа сілтеме алу
56 0 0

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Лакшми Миттал ауаға шығарылатын қалдықтарды 2024 жылға қарай 30 пайызға азайту жоспарына баса мән берді

НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ArcelorMittal компаниясының атқарушы төрағасы Лакшми Митталды қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

Президентке Қазақстандағы ArcelorMittal компаниясын одан әрі дамыту жоспары жөнінде мәлімет берілді.

Лакшми Миттал Қасым-Жомарт Тоқаевқа өндірісті жаңғыртуға және экологиялық көрсеткіштерді едәуір жақсартуға бағытталған жаңа инвестициялық бағдарламаны таныстырды.

Кездесу барысында ауаға шығарылатын қалдықтарды 2024 жылға қарай 30 пайызға азайту және екінші ЖЭО-ны жаңғырту жөніндегі жоспарға баса мән берілді.

Президент еңбек өнімділігін арттыру, жоғары сапалы өнеркәсіптік өнімнің түрлерін көбейтіп, оның экспортын ұлғайту, заманауи технологияларды енгізу, сондай-ақ, жаңа жұмыс орындарын ашу керек екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы ArcelorMittal компаниясы өзі жұмыс істеп жатқан қалалардың әлеуметтік дамуына белсенді атсалысуы, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі салалары бойынша ең жоғары стандарттардың сақталуы маңызды екенін айтты.

Загрузка...

Басты тақырып