Экономика

"Салық демалысы" ұзартыла ма – министр жұртты мазалаған сауалға жауап берді

© Photo : Пресс-служба Агентства по стратегическому планированию и развитиюАсет Иргалиев
Асет Иргалиев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2021
Жазылу
Экономика министрлігі қазір коронавирустың таралу қарқыны бойынша жағдайды бақылауда. Салық демалысы бойынша шешім осыған байланысты болады

НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір — Sputnik. Ұлттық экономика министрі Әсет Ирғалиев Қазақстанда қандай жағдайда бизнес үшін "салық демалысының" ұзартылатынын айтты.

Inbusiness.kz агенттігіне берген сұқбатында министр бизнес үшін "салық демалысын" ұзарту мәселесі 1 шілдеге қарай коронавирус бойынша қалыптасатын жағдайға байланысты болатынын айтты.

"Біз мониторинг жүргізіп отырмыз. Жағдай жылдам өзгеруде. Әрине, барлығы коронавирустың таралу қарқынына байланысты болады. 1 шілдеге қарай қалыптасқан жағдайды және біздің бизнесті толғандыратын мәселелерді негізге ала отырып оларға қолдау көрсету үшін қажетті шешім қабылдаймыз", - деді Ирғалиев.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда мемлекеттік жәрдемақыны төлеу тәртібі өзгереді

Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнесті қолдау шараларын қабылдау жөнінде үкіметке тапсырма берген еді. Мемлекет басшысы пандемия салдарынан шығынға ұшыраған салалардағы шағын және орта бизнес субъектілерінің жекелеген салықтары мен төлемдер төлеу мерзімін кейінге шегеруді тапсырды.

Жаңалықтар
0