Экономика

Қазақстан Ресейге металл сынығын жеткізуді жаңғыртты – ЕЭК

© Sputnik / Александр Кондратюк / Медиабанкке өтуУтилизация металлолома, архивное фото
Утилизация металлолома, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.04.2021
Жазылу
2020 жылдың қазанында ЕЭК Қазақстанды қара және түрлі түсті металл сынықтарын елден шығаруға шектеуді алып тастауға шақырды

НҰР-СҰЛТАН – 15 сәуір, Sputnik. Қазақстан Ресейге металл сынығын жеткізуді жаңғыртты. Наурызда шамамен 60 мың тонна жөнелтті. Бұл жөнінде брифинг барысында Еуразиялық экономикалық комиссия басшысының көмекшісі Ия Малкина мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

"Қазақстандық тарап металл сынығын жеткізуді жаңғыртқанын хабарлаймыз. ЕЭК-те бар ақпаратқа сәйкес, биыл наурызда Ресей Федерациясына шамамен 60 мың тонна металл сынығы жөнелтілді", - деді ол.

2020 жылдың қазанында Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Қазақстанды қара және түрлі түсті металл сынықтарын сырт елге шығаруға шектеуді алып тастауға шақырды. Комиссия мәліметі бойынша, Қазақстан 2018 жылдың қазанында автомобиль көлігімен, 2020 жылдың маусымында теміржол арқылы қара және түрлі түсті металл сынығы мен қалдықтарын ел аумағынан тыс шығаруға шектеу енгізді.

Оқи отырыңыз: Қазақстан титанға салынатын кедендік баж салығынан босатылды

Наурыздың басында Ресей Федерациясының өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуров Ресей Қазақстанмен қара металл сынығын Ресейге жеткізуді қайта іске қосу бойынша талқылау жүргізуді жалғастырып жатқанын хабарлады. Оның айтуынша, бұл ішкі нарықтағы металл сынығының тапшылығын қысқартуға көмектеседі және алдағы уақытта осы шикізат түрінің бағасын төмендетуге ықпал етеді.

Жаңалықтар
0