16:59 09 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD426.99
  • EUR514.35
  • RUB5.72
Экономика
Қысқа сілтеме алу
1032 0 0

Вице-министрдің айтуынша, отандық құрылыс материалдарын шығару ісі қарқын алса, баспана бағасы арзандайды

НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір – Sputnik. Зейнетақы жинақтарының есебінен үй алатын адамдардың азаюына байланысты алдағы екі айда бағаның өсуі тоқтайды. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте ол жаңа бағдарлама (зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мерзімінен бұрын алу – Sputnik) іске қосылғаннан кейін үйдің бағасы өсе бастағанын атап өтті. Яғни, қаңтар айында жаңа үйдің бағасы 3 процентке өссе, бұрын салынған үйлер 5 процентке қымбаттаған.

Оның айтуынша, ақпан айында бағаның өсуі баяулады. Ал наурызда жаңа баспана 0,5 проценке, ал ескі үйлердің бағасы 2 процентке көтерілді.

"Сол себепті қазір сәуір мен мамыр айында бағалардың өсуі тоқтап, маусым-шілде айынан бастап тұрақтылық болады деп ойлап отырмыз", – деді Өскенбаев.

Алайда вице-министр бағаның өсуі тек тоқтайтынын ғана жеткізді. Бұрынғы деңгейге түсетініне ешкім кепілдік бере алмайды. Оған қоса, Қазақстанда біраз құрылыс материалдары шығарылса да, шыны, санфаянс, түсқағаз сияқты өнімдер толығымен шетелден жеткізіледі.

Ал арматураны өз елімізде шығаруға мүмкіндік бар. Бірақ қара металдың басым бөлігі шетелге кетіп жатады. Осы шикізат өзімізде қалса, бағаны да реттеуге болады.

"Биыл Қызылордада шыны зауытының құрылысы аяқталса, осы өнім толығымен өзімізде шығарылады. Санфаянс пен түсқағазды да шетелден әкелеміз. Осы жылы "Самұрық-Қазынамен" бірігіп, инвесторларды іздеп, осы зауыттардың құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз. Сосын жылу өткізбейтін материалдардың 62 проценті импортталады. Оны да биыл 100 процент өзімізде шығаруды жоспарлап қойдық. Осындай зауыттар ашылады. Сол уақытта ғана үйлердің бағасы арзандайды деген сенім бар", – деп атап көрсетті Өскенбаев.

Оқи отырыңыз: Тұрғын үй бағасы 30%-ке қымбаттауы мүмкін – сарапшылар болжамы

Тақырып бойынша

Қазақстанда баспана бағасы қалай өзгерді?
Баспана бағасы шарықтап кетті: депутаттар не дейді
Биыл Қазақстанда тұрғын үй бағасы қалай өзгереді
Астана әкімі баспана бағасы қанша екенін айтты
Баспана, вакцина және азық-түлік бағасы: Тоқаев Маминге бірқатар тапсырма берді
Кілт сөздер:
баспана бағасы, баспана
Загрузка...

Басты тақырып