17:19 09 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD426.99
  • EUR514.35
  • RUB5.72
Экономика
Қысқа сілтеме алу
131 0 0

Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер мен ауылдық округтер әкімдерінің тікелей сайлауын жергілікті бюджет қаржыландырады

НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер мен ауылдық округтер әкімдерінің тікелей сайлауын өткізуге 17,6 миллиард теңге қажет. Бұл туралы ұлттық экономика вице-министрі Әлішер Әбдіқадыров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің отырысында "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңға өзгерістер енгізу туралы заң жобасы таныстырылды.

Құжатта аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер мен ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын өткізуге қатысты өзгерістер ұсынылған.

"Сайлау өткізуге шамамен 17,6 миллиард теңге қажет болады. Оның 4,8 миллиард теңгесі биыл 800-ден аса әкімнің сайлауын өткізуге керек", - деді Әбдіқадыров.

Вице-министрдің айтуынша, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер мен ауылдық округтер әкімдерінің тікелей сайлауын жергілікті бюджет қаржыландырады. Алайда алдағы екі жылда, яғни 2021-2022 жылдары сайлауға ақша Орталық сайлау комиссиясы арқылы бөлінеді. Ал кейін 2023 жылдан бастап бұл шығын жергілікті бюджет шығындарының базасына қосылады.

Кілт сөздер:
сайлау
Загрузка...

Басты тақырып