Экономика

Шалғай аудандарды интернетпен қамтуға британдық One Web компаниясы атсалысады

© Photo : Пресс-служба правительстваМамин One Web басшылығымен Қазақстанда спутниктік интернетті дамыту мәселесін талқылады
Мамин One Web басшылығымен Қазақстанда спутниктік интернетті дамыту мәселесін талқылады - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2021
Жазылу
Басқосуда Қазақстан аумағында шлюз станциясын орналастыру бойынша бірлескен кәсіпорын құру мәселесі қаралды

НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір – Sputnik. Премьер-министр Асқар Мамин One Web британдық компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Сунил Митталды қабылдады, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

Миттал One Web жаһандық спутниктік желі шеңберінде қолға алынған Байқоңыр ғарыш айлағынан спутниктерді ұшыру жөніндегі жұмыстардың барысы туралы баяндады. Қазіргі уақытта ғарышқа 110 спутник ұшырылды. 2021-2022 жылдары Байқоңыр ғарыш айлағынан 8-ден астам ұшыруды жүзеге асыру жоспарланып отыр.

One Web жаһандық спутниктік желісі 1 200 шақырым биіктікте 18 орбиталық жазықтықта 648 спутниктен тұратын болады. 2021 жылдың соңында спутниктік желіні толық пайдалануға беру және оған Қазақстан аумағына қызмет көрсету жоспарланған.

"Тараптар Қазақстан аумағын, оның ішінде шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарды байланыс спутниктері арқылы жоғары жылдамдықты кең жолақты интернетпен жаппай қамту жөніндегі жобаны іске асыру перспективасын талқылады", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласындағы ұлттық ғарыш орталығы жанындағы ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешені базасында One Web спутниктері үшін жиынтықтауыштарды құрастыру жөніндегі жобаны іске асыру барысы да әңгіме өзегені айналды. Оған қоса, Орталық Азия елдеріне кейіннен One Web спутниктік интернетін эксклюзивті дистрибуциялау үшін Қазақстан аумағында шлюз станциясын орналастыру бойынша бірлескен кәсіпорын құру мәселесі қаралды.

Кездесуге стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы – АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов пен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қатысты.

Оқи отырыңыз: Оқушыларға берілген роутердің интернет трафигі неге тез таусылып қалады

Айта кетейік, One Web компаниясы интернет желісіне қолжетімділік пен деректерді жоғары жылдамдықпен беру (пайдаланушы терминалына 5-50 Мбит/с) бойынша қызметтерді ұсыну үшін жаһандық төмен орбиталық спутниктік желіні құрайды.

Жаңалықтар
0