21:03 14 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD433.55
  • EUR515.53
  • RUB5.62
Экономика
Қысқа сілтеме алу
96 0 0

Мәжілісмендер үкімет Оңтүстік Кореядағы отандастарымыздың заңды еңбек ету мүмкіндігін тез арада пысықтау қажет деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз – Sputnik. Мәжіліс депутаттары қазақстандықтарға Оңтүстік Кореяда заңды түрде еңбек ету мүмкіндігін беруді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Депутат Елнұр Бейсенбаев премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіге жолдаған депутаттық сауалында Оңтүстік Кореяда Қазақстаннан барған заңсыз еңбек мигранттарының көбеюіне тоқталды.

Айтуынша, Кореяға қазақстандықтар заңсыз еңбек ету үшін соңғы алты жыл бойы туристік визаны арқау етіп жасырын барып жүр.

"Мысалы 2014 жылдан бері Оңтүстік Кореяға заңсыз жұмыс істеу үшін баратын мигранттардың саны 359 адамнан 2019 жылы 12 мың адамға дейін күрт өсті. Олардың көбі 20 мен 35 жас аралығындағы белсенді еңбекке қабілетті жастар. Сондай-ақ, бұл елде жасырын еңбек етуші азаматтарымыздың құқықтары мүлдем қорғалмаған, кейбір отандастарымыз ауру мен жарақаттан қайтыс болады. Өйткені, олардың медициналық және әлеуметтік көмек алуға ешқандай мүмкіндіктері жоқ", – деді Бейсенбаев.

Қазақстан СІМ мәліметінше, 2020 жылы Кореяда 10 мыңға жуық отандасымыз заңсыз еңбек етіп келеді. Коронавирус пандемиясына қарамастан олардың қайтуға ынтасы жоқ.

Оңтүстік Кореяға жасырын баратын заңсыз мигранттардың дені – Түркістан өңірі мен Шымкент қаласының тұрғындары.

"Ұлттық банктің ресми мәліметінше, 2012 жылдан бастап 2019 жылға дейін шетелден азаматтардың қаржылай жеке аударымдары 279 миллионнан 614 миллион долларды құрады. Соның ішінде Оңтүстік Кореядан Қазақстанға ақша аударымдары 1,7 миллионнан 105 миллион АҚШ долларына дейін өсті, яғни алты жыл ішінде Корея елінен аударылған қаржы көлемі 60 есеге ұлғайған. Мұның бәрі бұл тенденция сақталатынын және тек дамитынын көрсетеді. Біздің азаматтарымыз, оның ішінде жастар қиындықтарға қарамастан, осы елге ақша табу үшін баратыны анық", – деді ол.

Депутат бүгінде 15 мемлекет Кореямен еңбек миграциясын реттегенін, оның ішінде Қырғызстан, Моңғолия және Өзбекстан да бар екенін атап өтті. Бұл елдің азаматтары Кореяда заңдық, екіжақты келісімшарт негізінде Е-9 уақытша еңбек визасын алу арқылы жұмыс істейді. Алайда Қазақстан бұл тізімде жоқ.

Осы орайда Бейсенбаев президенттің былтыр күзде үкіметке заңсыз еңбек мигранттарының мәселесін шешуді тапсырғанын еске салды.

"Алайда президент тарапынан берілген тапсырмаға 6 айдан астам уақыт өтсе де, еріксіз, нәпақа табу үшін кеткендердің жағдайын шешуді қолға алар емеспіз. Отанынан жырақта еңбегін пұлдап, нан табудың жолында жүрген азаматтарымыздың мәселесін кім шешпек?! Біле білсеңіздер, 10 мың адам, ол он мыңдаған тағдыр мен олардың тілеуін тілеп жүрген 10 мың отбасы", – деді депутат.

Оқи отырыңыз: Қазақстан Оңтүстік Корея азаматтарының елге кіруіне тыйым салды

 

Осыған байланысты, мәжілісмендер үкімет бұл мәселені ерекше бақылауға алып, Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтардың заңды еңбек ету мүмкіндіктерін тез арада пысықтау қажет деп санайды.

Тақырып бойынша

Алматыда жезөкшелер үйін ашқан Оңтүстік Корея азаматы сотталды
Оңтүстік Корея мен ЕурАзЭО еркін сауда туралы келіссөздерді 5 қазанда жүргізеді
Қазақстан Оңтүстік Корея батырларының сүйегін еліне қайтарды
Оңтүстік Корея COVID-тің үшінші кезеңі басталғаны туралы мәлімдеме жасады
Тоқаев Ақордада Оңтүстік Корея президентін қарсы алды
Кілт сөздер:
Қазақстан, Оңтүстік Корея, мигранттар
Загрузка...

Басты тақырып