18:56 14 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD433.55
  • EUR515.53
  • RUB5.62
Экономика
Қысқа сілтеме алу
75 0 0

Палата өкілдері Алматы қаласы мемлекеттік бас санитар дәрігерінің 2021 жылғы 19 наурыздағы шешімі тым қатаң деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз – Sputnik. "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнес үшін мемлекеттік қолдаудың қосымша шаралары дайындалып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қазір "Атамекен" ҰКП ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, қызметіне әлі де тыйым салынған немесе шектеу шараларынан зардап шеккен бизнес үшін мемлекеттік қолдаудың қосымша шаралар пакетін дайындап жатыр", – делінген палатаның үндеуінде

Палата өткізген сауалнаманың нәтижесіне сәйкес, кәсіпкерлер бірқатар жеңілдік сұрап отыр. Атап айтқанда:

  • салық және несие төлемдерін кейінге шегеру;
  • ағымдағы несие сомасын қайта қаржыландыру;
  • салық және еңбекақы төлеу қорының төлемдерінен босату;
  • жалға алу құны және коммуналдық төлемдерді өтеуге көмек беру;
  • қызметкерлерге мемлекеттен 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік көмекті алуға ықпал ету;
  • тұтынушылық несиелері бойынша төлем мерзімін кейінге шегеру.

"Атамекен" ҰКП пандемия басталғалы бері үкіметпен ынтымақтасып жұмыс істеп келеді. Орынды диалог пен ортақ келісім көздерін іздеу арқылы тиімді нәтижелерге қол жеткіздік. Күш-жігерімізді біріктіру арқылы бұл жағдайды да еңсеретінімізге және жаңа шаралар кешенін жасақтайтынымызға сенімдіміз", – дейді палата өкілдерді.

Оқи отырыңыз: Сағынтаев Алматыда қанша кәсіпкердің салық мерзімі ұзартылғанын хабарлады

Айта кетейік, "Атамекен" үндеуі Алматыдағы шектеу шараларына арналып отыр. Палата өкілдері қалалық бас санитар дәрігердің 2021 жылғы 19 наурыздағы шешімі тым қатаң деп санайды. Сондықтан да олар қазіргі шектеу шараларын "қызыл аймақта" тұрған Нұр-Сұлтан қаласындағы алгоритмге сәйкес келтіруді ұсынды.

Тақырып бойынша

Мемлекет бизнесті арзан несие беріп бүлдірмеуі тиіс – Ұлттық банк басшысының орынбасары
Қатаң карантин енгізілсе, халық әлеуметтік төлем ала ма?  
Сарапшылар Қазақстанның мемлекеттік қарызы туралы айтты
Қазақстан экономикасына үлкен салмақ түсіп жатыр – Назарбаев
Банктер мемлекеттің көмегінсіз бизнесті кредиттеуге құлықсыз – депутат
Тоқаев болмашы себептің соңын репрессияға айналдырып жіберетіндерді сынға алды
Кілт сөздер:
бизнес, карантин, шектеу
Загрузка...

Басты тақырып