19:13 14 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD433.55
  • EUR515.53
  • RUB5.62
Экономика
Қысқа сілтеме алу
39 0 0

Қарағанды облысы Саран қаласында шина шығаратын зауыттың іргетасын қалау рәсіміне Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин қатысады

АЛМАТЫ, 30 наурыз – Sputnik. Татарстан президенті Рустам Минниханов сәуірде Қарағанды облысындағы Саран қаласына барады, деп хабарлады Ресейдің Қазақстандағы сауда өкілі Максим Кочетков.

Sputnik Қазақстанға берген сұқбатында ол ресейлік компаниялардың өндірістің түрлі саласына белсенді түрде қаржы құйып жатқанын айтты. Соның бірі – "Татнефть" компаниясының Саран қаласында шина шығаратын зауыт салу жобасы.

Оқи отырыңыз: Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 2024 жылға қарай 40%-ке артады 

"5 сәуірде Татарстан президенті Рустам Миннихановтың Қазақстанға сапары кезінде болашақ кәсіпорынның алғашқы тасын қалау ресми рәсімі өтеді, оған Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек және "Татнефть" өкілдері қатысады", - деді Кочетков.

Қазақстан үкіметінің ресми сайтының хабарлауынша, зауыттың өндірістік қуаты жеңіл техникаға арналған үш миллион шина мен коммерциялық техника мен автобустарға арналған 500 мың шина болады.

Мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған. Инвестицияның жалпы көлемі шамамен 111 миллиард теңгені құрайды. Зауытты пайдалануға беру 2022 жылға жоспарланған.

Загрузка...

Басты тақырып