Экономика

"Самұрық-Қазына" қорына жаңа төраға тағайындалды

© Photo : primeminister.kzПремьер-министр Асқар Мамин "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ ұжымына басқарманың жаңа төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті таныстырды
Премьер-министр Асқар Мамин Самұрық-Қазына Ұлттық әл-ауқат қоры АҚ ұжымына басқарманың жаңа төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті таныстырды - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2021
Жазылу
Премьер-министр бұған дейін "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ төрағасы лауазымын атқарған Есімовтің Қазақстан экономикасын әртараптандыру мен дамыту міндеттерін табысты жүргізгенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Премьер-министр Асқар Мамин "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ ұжымына басқарманың жаңа төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті таныстырды, деп хабарлайды primeminister.kz сайты.

Үкімет басшысы қордың бұрынғы басқарма төрағасы Ахметжан Есімовке Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі мен Тәуелсіздік жылдары түрлі мемлекеттік лауазымдардағы тиімді жұмысы үшін алғыс айтты.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Тұңғыш президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев "Самұрық-Қазына" қорының алдында маңызы үлкен міндеттер қойып отыр. Бұл еліміздің инфрақұрылымдық, көлік-логистикалық және индустриалдық дамуын қамтамасыз ету арқылы, сонымен қатар отын-энергетика кешенін дамыту, инвестицияларды тарту және отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету арқылы ұлттық экономиканың одан әрі тұрақты дамуына жағдай жасау", – деді Мамин.

Асқар Мамин қордың жаңа басшысы Алмасадам Сәтқалиевті таныстыра отырып, оның энергетика саласындағы және "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ жүйесіндегі үлкен жұмыс тәжірибесін атап өтті. 

Жаңа төраға туралы не білеміз

Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев 1970 жылы 31 қазанда Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "механик, қолданбалы математик" мамандығы бойынша, Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебін, Стэнфорд университетінің Жоғары бизнес мектебін бітірген. Экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының шетелдік мүшесі.

1997-2001 жылдары "ҚазТрансОйл" ұлттық мұнай тасымалдау компаниясы" АҚ-да менеджер, клиринг департаментінің бастығы, жобаларды басқару департаментінің бастығы, басқарушы директор, экономика жөніндегі вице-президенті болып жұмыс істеді.

2001-2006 жылдары "KEGOC" электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания" АҚ қаржы директоры, экономика жөніндегі вице-президенті және бірінші вице-президенті лауазымын атқарды.

2006-2007 жылдары "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" АҚ-ның электр энергетика активтерін басқару жөніндегі директоры болды.

2007 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасының энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі, "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.

Оқи отырыңыз: Ахметжан Есімов "Самұрық-Қазына" басшысы қызметінен кетті

2008-2009 жылдары – "KEGOC" электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания" АҚ бірінші вице-президенті, 2009-2011 жылдары – "Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания" АҚ президенті. 2011 жылы "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарушы директоры болып тағайындалды, 2011-2018 жылдары – "Самұрық-Энерго" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, басқарма төрағасы.

2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор болды.

Жаңалықтар
0