Экономика

Қазақстанда қандай банкноттар жиі қолдан жасалады

© Sputnik / Абзал КалиевАқша, теңге, монета
Ақша, теңге, монета - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2021
Жазылу
Жалған ақша жасайтындар банкноттар мен монеталарды базарларда, жанармай құю бекеттері мен шағын азық-түлік дүкендерінде пайдаланады

НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз – Sputnik. Қазақстанда номиналы 2 000 және 5 000 теңгелік банкноттар жиі қолдан жасалады, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

2019 жылмен салыстырғанда Ұлттық банк пен екінші деңгейлі банктер анықтаған жалған ақша көлемі былтыр 38%-ке азайды. 2019 жылы жалған 1 319 банкнот пен монета табылса, 2020 жылы оның саны 823 банкнот пен монетаны құрады.

"Төмендеуге әсер еткен негізгі себеп – қазіргі карантиндік шаралар мен шектеулер. Өйткені қолдан ақша жасайтындар, әдетте, жалған ақшаны базарларда, жанармай құю бекеттерінде және шағын азық-түлік дүкендерінде өткізіп жібереді. Қолдан көп жасалатын ақшаға 2 000 және 5 000 теңгелік банкноттар жатады – сәйкесінше, жалпы көлемнің 42,5% және 37,6%", - деді  Ұлттық банктің банкноттар мен монеталарға сараптама жасау басқармасының басшысы Асхат Әбішев.

Тағы оқыңыз: Енді қазақстандықтар ескі банкноттарды кез келген уақытта айырбастай алады

Ұлттық банктің мәліметінше, жалған банкноттардың басым бөлігі Алматыда (554 дана немесе 67,3%) анықталды, ең азы – республиканың батыс өңірінде.

Жаңалықтар
0