Экономика

Қазақстанда шағын бизнесті тексеру 7 есеге азайды

© Sputnik / Абзал КалиевАдам, ақша және касса аппараты
Адам, ақша және касса аппараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2021
Жазылу
Экономика министрлігінің мәліметі бойынша, мемлекеттің экономикаға қатысуы 14,9%-ке дейін қысқарды  

НҰР-СҰЛТАН, 19 наурыз – Sputnik. Өткен жылы енгізілген мораторий қорытындысы бойынша Қазақстанда бизнесті тексеру (барлық субъекті бойынша) 4,6 есе, шағын және микробизнесті тексеру 7 есеге қысқарды. Бұл жөнінде Қазақстанның экономика министрлігің алқа жиынында ведомство басшысы Әсет Ерғалиев мәлімдеді.

"Бизнестің жол картасы–2025" бағдарламасы бойынша ШОБ субъектілері үшін 5 жылға дейінгі субсидиялаумен кредит көлемі 7 миллиардқа дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ, салалық шектеулерді алып тастадық", – деді ол.

"Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша кредиттеудің жалпы көлемі 1 триллион теңгеге дейін ұлғайтылып, субсидиялау мерзімі – 10 жылға дейін ұзартылды. Сонымен қатар, министр тауарлар мен қызметтер тізімі кеңейтіліп, кепілдендіру құралы жақсарғанын да айтты.

Бизнес-климатты жақсарту бойынша заңнамалық түзетулердің 8-ші пакеті қабылданды. Қазақстан Дүниежүзілік банктің "Doing business" рейтингінде 3 сатыға көтеріліп, 192 елдің ішінде 25-ші орынға жайғасты.

"Қабылданған шаралар 2020 жылы жалпы ішкі өнімде шағын және орта бизнес үлесінің 30,5%-ке дейін өсуін қамтамасыз етті", – деп атап өтті Ерғалиев.

Экономика министрлігінің мәліметі бойынша, мемлекеттің экономикаға қатысуы 14,9%-ке дейін қысқарды.

2020 жылы мүлікке салық төлеу секілді салық заңнамасына бірқатар өзгертулер енгізілді.

Оқи отырыңыз: Перуашев қара халықты қорқытып-үркіткен вице-министрдің мәлімдемесіне шүйлікті

Жеке кәсіпкерлер жеке табыс салығынан, ал ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер шаруашылық үшін белгіленген жер телімі бойынша жер салығынан босатылды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларды сату және импорттауға арналған қосымша құнға салынатын салық 12%-тен 8%-ке дейін төмендетілді.

Жаңалықтар
0