Экономика

Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы 10 миллиард долларға дейін артады

© Sputnik / Владислав ВодневҚазақстан мен Түркия туы
Қазақстан мен Түркия туы - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2021
Жазылу
Пандемия белең алған жылы Нұр-Сұлтан мен Анкара өзара саудада 3 миллиард долларлық көрсеткішке қол жеткізе алды

НҰР-СҰЛТАН, 18 наурыз – Sputnik. Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді 18 наурыз күні ресми іссапармен Анкараға барды, деп хабарлады қазақстандық СІМ баспасөз қызметі.

Бұл ресми сапарға түрік әріптесі Мевлют Чавушоғлының шақыруы себепші болды.

Военные учения Охота на лис-2019 стартовали на учебном полигоне Ново-Ахмирово в Восточно-Казахстанской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.10.2019
Саясат
Әскери мамандар тапшы: Қазақстан мен Түркия келісімді жаңартты
Ресми сапар барысында министр Мұхтар Тілеубердіні Түркия президенті Реджеп Тайып Эрдоған қабылдады. Министр Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың түркітілдес мемлекеттердің Ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитіне шақыруын жеткізді. Аталған саммит осы жылдың 31 наурызында Түркістан қаласында өтеді. Сондай-ақ президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың да жеке жолдауын Түркия көшбасшысына табыстады.

Кездесу барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестиция салалардағы өзара әрекеттестікке ерекше назар аударды. Коронавирус пандемиясына қарамастан, екіжақты тауар айналымы 3 миллиард доллардан асып түсті. Тараптар бұл көрсеткішті 10 миллиард долларға жеткізуді көздеп отыр.

Осы күні Қазақстан СІМ басшысы Түркияның вице-президенті Фуат Оқтаймен кездесті. Тараптар Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин мен Фуат Оқтай тең төрағасы болатын үкіметаралық комиссияның кезекті 12-ші отырысына дайындығын талқылады.

Оқи отырыңыз: ҰҚК Түркияда ұсталған қазақстандықтың аты-жөнін жариялады

Келесі жылы Қазақстан мен Түркия дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығын атап өтеді. Осы жылдар ішінде қос мемлекет арасындағы екіжақты ынтымақтастық стратегиялық әріптестік деңгейіне дейін артты. Қазақстан мен Түркия екіжақты, өңірлік және халықаралық алаңдарда өзара әрекеттестік орнатқан.

Жаңалықтар
0