Экономика

Қазақстанның мемлекеттік қарызы туралы ақпарат жарияланды

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги тенге монеты
Деньги тенге монеты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2021
Жазылу
Қазақстанда мемлекеттік қарызға қызмет көрсетуге шамамен 900 миллиард теңге қарастырылған, деді Әсет Ерғалиев

НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз — Sputnik. Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мемлекеттік қарызға қызмет көрсету үшін қанша қаржы жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте министрге мемлекеттік қарызға жұмсалатын қаржының көлемі туралы сұрақ қойылды. "Мемлекеттік қарызға қызмет көрсетуге қанша ақша жұмсалады?", - деп сұрады модератор. 

"Қызмет көрсетуге шамамен 900 миллиард теңге қарастырылған", - деді Ерғалиев. 

Оқи отырыңыз: Ұлттық банк Қазақстанның сыртқы қарызы қанша болғанын мәлімдеді

Осы орайда министр мемлекеттік қарыздың қазіргі сомасына да тоқталды. Оның айтуынша, қарыздың мөлшері Еуропамен салыстырғанда әлдеқайда төмен болып тұр.

"Қазіргі кезде мемлекеттік қарыздың көлемі ішкі жалпы өнімге шаққанда шамамен 30 процентті құрайды. Басқа елдермен салыстырсақ, Еуропада осы көрсеткіш 80 процентке дейін барады. Ал Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше мемлекеттерде мемлекеттік қарыздың орташа көлемі 100 процентті құрайды", - деп түйіндеді Ерғалиев.

Жаңалықтар
0