20:26 24 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD426.61
  • EUR509.33
  • RUB5.88
Экономика
Қысқа сілтеме алу
33 0 0

Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда отандық өндірушілер 10 тауар позициясы бойынша ішкі нарықты толығымен қамтамасыз етіп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 16 наурыз – Sputnik. 2025 жылға дейін республикада 103 миллион шаршы метр баспана салу жоспарланып отыр. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ол биыл президент тұрғын үй құрылысында жергілікті қамту үлесін арттыруды тапсырғанын еске салды.

"2025 жылға дейін елімізде 103 миллион шаршы метр баспана салынады. Бұл бизнес үшін құрылыс материалдарының отандық нарығын дамытуға қосымша мүмкіндік береді", – деді Атамқұлов үкімет отырысында.  

Министрлік саладағы қажеттілікті анықтау мақсатында негізгі 24 позиция (темір-бетон бұйымдары, құрғақ қоспалар, линолеум, түсқағаз, санфаянс, қабырға блоктары, кірпіш, жылу оқшаулау, профильді парақтар, пластик құбырлары) бойынша құрылыс материалдарының нарығына талдау жүргізген.

Айтуынша, бүгінгі таңда отандық өндірушілер 10 тауар позициясы бойынша ішкі нарықты толығымен қамтамасыз етеді. Олар: темір-бетон бұйымдары, бетон, құрғақ қоспалар, лак бояу, керамикалық кірпіш, силикат кірпіш, бетоннан жасалған ұялы блоктар, ішкі есік блоктары, болат есік блоктары, шыны.

11 позиция бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар шамамен құрылыс материалдарының 50%-ін қамтамасыз етеді. Ал линолеум, түсқағаз, санфаянс сияқты 3 позиция бойынша қазіргі уақытта ішкі нарықта өндіріс жоқ.

"Ішкі нарықты отандық құрылыс материалдарымен (санфаянс, линолеум, түсқағаз) толық қамту мақсатында біз қазір шет елдердің  трансұлттық компанияларымен Қазақстан аумағында импорт алмастыратын өндіріс ашу мәселесін пысықтап жатырмыз", – деді министр.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтан әкімі 2021 жылға жоспарланған тұрғын үй құрылысы жайлы айтты

Индустрия министрлігі Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және "Самұрық-Қазына" қорымен бірлесіп, Құрылыс индустриясын дамытудың 2025 жылға дейінгі жол картасын әзірлеген. Айтуынша, онда саланы қолдаудың барлық тетігі көзделген.

Тақырып бойынша

Қазақстанда тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы іске қосылады
Қызмет бабында қаза тапқан полицейлердің отбасына тұрғын үй төлемі сақталатын болды
Баспана алу үшін зейнетақы жинағын қалай қолдануға болады
Астана әкімі мұғалімдерге баспана қалай берілетінін айтты
Баспана кезегіне өзгеріс енгізілуі мүмкін – депутаттардың ұсынысы үкіметке жолданды
Қазақстанда баспана тағы қымбаттады
Кілт сөздер:
баспана, құрылыс
Загрузка...

Басты тақырып