22:18 12 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD433.15
  • EUR515.06
  • RUB5.61
Экономика
Қысқа сілтеме алу
166 0 0

Күрішбаев біздің министрліктеріміз қоғамдық аудитті тарта отырып, қымбат жобаларға бөлінген мемлекеттік қаражатты пайдаланудың тиімділігі туралы халық алдында есеп беріп үйренуі тиіс деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Сенат депутаты Ақылбек Күрішбаев шет елдерден асыл тұқымды малды импорттауды азайтып, селекциялық жұмысты белсенді дамыту қажет екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, соңғы жылдары "Етті мал шаруашылығының экспорттық әлеуетін дамыту" бағдарламасы аясында Қазақстанға 153 мыңнан астам асыл тұқымды мал әкелінген. Оны сатып алуға, мемлекеттік субсидияларды қоса алғанда, 500 миллион доллардан аса ақша жұмсалды.

"Ғалымдардың пікірінше, бұрын елімізде болмаған, бізде тіркелмей жатқан Шмалленберг ауруы, инфекциялық ринотрахеит, вирустық диарея, моракселлез сияқты қауіпті экзотикалық жұқпалы аурулар сырттан әкелінді. Бұл мәселе отандық ветеринария жүйесінің қазіргі ауыр жағдайын одан сайын тығырыққа тіреді", – деді Күрішбаев сенаттың жалпы отырысында.

Ол қазақстандықтар импортталған малдың қаншасы бейімделе алғанын, қаншасы өлгенін, жалпы жобаның алдына қойған мақсаттары қалай орындалғаны туралы нақты білмейтінін атап өтті.

"Ал оны халық білуге құқылы, себебі аталған мал басы тек жеке инвестиция есебінен ғана емес, салық төлеушінің ақшасына сатып алынған. Жалпы біздің министрліктеріміз қоғамдық аудитті тарта отырып, дамыған елдердегі сияқты осындай қымбат жобаларға бөлінген мемлекеттік қаражатты пайдаланудың тиімділігі туралы халық алдында есеп беріп үйренуі керек", – деді сенатор.

Ірі қара Еуропадан кеңестік кезеңде де әкелінген

Күрішбаев асыл тұқымды малды сақтап қалу және жақсарту өте маңызды екенін мәлімдеді. Айтуынша, аграрлық саланың ардагерлері кеңестік кезеңде Қазақстанға Еуропадан жүздеген мың асыл тұқымды ірі қара малдың әкелінгенін және уақыт өте келе олар өздерінің асыл тұқымдық қасиеттерін жоғалтып, із-түзсіз жойылып кеткенін жақсы біледі.

Сенатордың пікірінше, оларды күтіп-бағу үшін тиісті жағдай жасаумен ғана емес, ең бастысы, жүйелі селекциялық жұмысты қалыптастыру қажет. Ол үшін селекцияның заманауи әдістерін қолдану керек.

Депутат бұл тұрғыда асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында инновациялық технологияларды, оның ішінде геномдық селекцияны енгізу өте маңызды деп есептейді. Себебі жануардың молекулалық-генетикалық талдауы оның асыл тұқымдық құндылығын алдын-ала болжауға мүмкіндік береді және селекцияның тиімділігін қамтамасыз етеді.

"Өкінішке қарай, Қазақстанда кейбір компанияларды қоспағанда, селекциялық-асыл тұқымдық жұмыста геномдық сараптама жүйелі түрде пайдаланылмайды. Бұл мал шаруашылығы саласының тұрақты дамуын айтарлықтай тежеп отыр. Сондықтан ауыл шаруашылығы жануарларының отандық гендік қорын қалыптастыруға қатысты бұл мәселені мемлекеттік деңгейде шешу қажет. Ол үшін өзіміздің фермерлерге көмек ретінде ғылыми зертханалардың базасында ұлттық генетикалық зерттеу орталықтарын ұйымдастыру керек. Бұл біздің жағдайымызға бейімделмеген асыл тұқымды малды шетелден әкелуге қарағанда, ақылға қонымды, әлдеқайда арзан және эпизотия тұрғысынан қауіпсіз жоба болар еді", – деді ол.

Селекциялық жұмыста серіктестерден артта қалдық

Күрішбаев Қазақстан сауда серіктестерінен селекциялық жұмыста едәуір артта қалғанын айтты.

Сондай-ақ, елде заманауи фермалар, сапалы жем-шөп базасы жетіспейді.

"Салыстыратын болсақ, Қазақстанда сүт бағытындағы 2,7 миллионға жуық сиыр бар, ал Беларусьте 1,5 миллион бас, яғни 1,8 есе аз. Алайда Беларусь ЕАЭО-ға кіретін елдердің көпшілігіне сүт және сүт өнімдерін экспорттайды, ал біз болсақ, тіпті, өз халқымызды толық қамтамасыз ете алмай отырмыз", – деп қапаланды сенатор.

Оқи отырыңыз: "Бір адамға тәуелді": Сенатор 10 млрд теңге тиімсіз жұмсалып жатқанына ашуланды

Бүгін сенат "ЕАЭО аясында ауыл шаруашылығы жануарларымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізуді біріздендіруге бағытталған шаралар туралы келісімді ратификациялау туралы" заңды қабылдады.

Тақырып бойынша

Депутат шенеуніктерге: Мәскеуге барсаңыз, қаншалықты артта қалғанымызды түсінесіз
Ауылды жерлерге интернет жеткізетіндерге субсидия бөлінеді – министр
Ірі қара малдың 2 мың терісі тиелген жүк көлік Қырғызстан шекарасында тоқтатылды
Ақтөбе облысында асыл тұқымды ірі қара мал неден қырылып қалды?
Мал шаруашылығы 500 мың ауыл тұрғынын жұмыспен қамтиды
Кілт сөздер:
мал шаруашылығы, субсидиялар
Загрузка...

Басты тақырып