18:20 10 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD433.15
  • EUR515.06
  • RUB5.61
Экономика
Қысқа сілтеме алу
72 0 0

Досаев Қазақстан азаматтарының зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалану тетігін іске асыру жөніндегі тапсырманың орындалу барысын баяндады

НҰР-СҰЛТАН, 3 наурыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Досаев мемлекет басшысына биылғы ақпан айындағы ақша-кредит саясатын іске асырудың алдын ала қорытындысы, дүниежүзілік экономиканың қалпына келу перспективалары мен әлемдегі азық-түлік бағасының инфляцияға әсері туралы баяндады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев алтын-валюта резервтерінің жағдайы мен Ұлттық қордың активтерін басқару жайлы есепті тыңдады. Сондай-ақ кездесуде Ұлттық банктің ішкі жалпы өнім бойынша жаңартылған болжамы мен 2021 жылға арналған төлем балансы жөнінде айтылды. 

Ерболат Досаев мемлекет басшысының Қазақстан азаматтарының зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану тетігін іске асыру жөніндегі тапсырмасының орындалу барысын баяндап, Ұлттық банктің инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша ұсыныстары туралы айтты.

Президент азық-түлік тауарлары бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығын қолдау шараларын цифрландыру процесін жылдамдатуға атсалысуды тапсырды.

Загрузка...

Басты тақырып