Экономика

Қазақстан мен Ресей премьерлері телефон арқылы сөйлесті

© Sputnik / Александр Астафьев / Медиабанкке өтуПредседатель правительства РФ Михаил Мишустин и премьер-министр Казахстана Аскар Мамин (слева) во время встречи
Председатель правительства РФ Михаил Мишустин и премьер-министр Казахстана Аскар Мамин (слева) во время встречи - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2021
Жазылу
Ақпан айының басында Мишустин Қазақстанға келіп, Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысқан болатын

НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз — Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин мен Реейдің үкімет басшысы Михаил Мишустин дүйсенбі күні телефон арқылы сөйлесті.

"Екі елдің сауда-экономикалық әріптестігі талқыланды. Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ органына төрағалық етуі аясында интеграциялық байланысты нығайту жайы сөз болды", - деп хабарлады Ресей үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, ақпан айының басында Мишустин Қазақстанға келіп, Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысқан болатын. 

Еуразиялық экономикалық одақ - 2015 жылдан бастап жұмыс істейтін халықаралық интеграциялық экономикалық бірлестік. Оған Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения және Қырғызстан мүше. 2021 жылы ЕАЭО-қа Қазақстан төрағалық етеді.

Жаңалықтар
0