11:01 21 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD429.76
  • EUR518.16
  • RUB5.64
Экономика
Қысқа сілтеме алу
Зейнетақы қорындағы ақшаны мерзімінен бұрын алу (78)
7753 0 0

Қазақстандықтар зейнетақы жинағы жеткілікті болған жағдайда зейнет жасын күтпей, өмірді сақтандыру компаниясынан зейнетақы аннуитетін сатып алуға құқылы

НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан – Sputnik. Зейнетақы аннуитетін рәсімдеген адамдарға зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын алу кезінде БЖЗҚ-да жеткіліктілік шегін қалдырмауға рұқсат етіледі. Бұл туралы Мемлекеттік аннуитеттік компанияның атқарушы директоры Айдар Нұрғазинов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қазақстандықтар зейнетақы жинағы жеткілікті болған жағдайда зейнет жасын күтпей, өмірді сақтандыру компаниясынан зейнетақы аннуитетін сатып алуға құқылы. Ал компания ол адамға ай сайын төлем төлейді.

Биылдан бастап зейнетақы аннуитетінің құны төмендеді. Егер бұрын 55 жасқа толған ер адамда зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін шотында 11 миллион теңге болуы тиіс болса, осы жылдан бастап бұл сома 6,7 миллион теңгеге дейін төмендеді. Ал 52 жастағы әйелдер үшін жеткіліктілік сомасы 15 миллион теңгеден 9 миллион теңгеге дейін түсті.

"Зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға мерзімінен бұрын алған жағдайда зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан адамдар БЖЗҚ-да ең төменгі жеткіліктілік шегін қалдырмаса да болады.  Егер адамда зейнетақы шотында 12 миллион теңге жиналса, ол 7 миллионын өмірді сақтандыру компаниясына аударып, қалған 5 миллионын заңмен белгіленген мақсаттарға жұмсай алады", - деді Нұрғазинов онлайн брифингте.

Сонымен қатар, оның айтуынша, биыл кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеті шарты енгізілді. Ол бойынша зейнетақы жинағын өмірді сақтандыру компаниясына 45 жастан аударуға болады. Ал ай сайынғы төлемдер 55 жастан басталады.

45 жасында кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитетін рәсімдеу үшін ер адамда 6,7 миллион теңге, ал әйелдерде 7,7 миллион теңге болуы шарт.

"Клиенттің ақшасы компанияның балансында он жыл бойы жай жатпайды. Инвестицияланып, төлем басталған сәтте ай сайынғы төлем инвестициялық кіріс есебінен ұлғайтылады. Мәселен, егер бүгін 55 жастағы ер адам кәдімгі зейнетақы аннуитетін рәсімдеп,  7 миллион теңге аударса, онда ай сайынғы төлем мөлшері 25 мың теңгені құрайды.  Егер 45 жастағы адам кейінге қалдырылған зейнетақы анниутетін рәсімдеп, өмірді сақтандыру компаниясына 7 миллион теңге аударса, 55 жастан бастап оған ай сайын 43 мың теңге төленеді", - деп түсіндірді ол.

Ол жыл сайын аннуитеттік төлемдердің мөлшері 5 процентке ұлғаятынын атап өтті.

"Әр теңге пайда әкелуге тиіс": Тоқаев зейнетақы мен жәрдемақы туралы айтты

Айта кетсек, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері зейнетақы жинағы біткенге дейін төленсе, ал өмірді сақтандыру компаниясынан алдын ала нақты белгіленген мөлшерде өмір бойы жүзеге асырылады.

Зейнетақы аннуитеті бойынша төлемдерге Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры есебінен кепілдік беріледі. Яғни, өмірлік сақтандыру компаниясы банкротқа ұшыраған жағдайда,  аннуитеттік төлемдер үзілмейді, сақтандырушылар алдындағы міндеттемелер толығымен орындалады.

Бүгінде 61 мыңға жуық адам өмірді сақтандыру компаниясымен жалпы сомасы 283 миллиард теңгеге зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан.

Тақырып:
Зейнетақы қорындағы ақшаны мерзімінен бұрын алу (78)

Тақырып бойынша

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы бір айда 255,5 миллиард теңгеге өсті
Зейнетақы жинағын пайдалану: енді қайта өтініш беру үшін 45 күн күтудің қажеті жоқ
Министрлік зейнет жасының өзгеретіні туралы ақпаратқа түсініктеме берді
Зейнетақы жинағын пайдалану: БЖЗҚ тың ақпарат бөлісті
Әртістер зейнетақы жинағының бір бөлігін алу туралы: не істеймін оны
Кілт сөздер:
зейнетақы жинағы
Загрузка...

Басты тақырып