Экономика

Кәсіпкерлерге мобильді қосымша арқылы аударылатын ақшаға салық салынады – Смайылов

© Sputnik / Владислав ВодневМобильный телефон в руке, архивное фото
Мобильный телефон в руке, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.02.2021
Жазылу
Вице-премьер үкіметтің алдында салық төлеуге міндетті кәсіпкерлердің қызметіне толығымен салық салу міндеті тұрғанын мілңмдеді  

НҰР-СҰЛТАН, 19 ақпан – Sputnik. Кәсіпкерлерге мобильді қосымша арқылы аударылатын ақшаға салық салынады. Үкімет салықтан жалтаратын бизнесті толығымен қадағалауды көздеп отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов мәлімдеді.

"Кәсіпкерлерге тұтынушылардан банктің мобильді қосымшасы арқылы түсетін ақша аударымдарының фискализациясы мәселесін шешуге ерекше назар аудару қажет. Қазір біз қолма-қол ақшасыз төлем жүйесі жақсы қарқынмен дамып жатқанын көріп отырмыз. Бірақ, біздің алдымызда салық төлеуге міндетті кәсіпкерлердің қызметіне толығымен салық салу міндеті тұр", - деді ол қаржы министрлігінің алқа отырысында.

Бұл ретте Смайылов қазіргі таңда қазақстандық кәсіпкерлерге берілген салық жеңілдіктері ескерілуі тиіс екенін атап өтті.

Оқи отырыңыз: Жамаубаев бюджетке 1 трлн теңге қосымша түсім әкелу үшін не істейтінін айтты 

Сонымен қатар, вице-премьер азаматтарға арналған тегін "Е-Salyq Azamat" мобильді қосымшасын белсенді жарнамалауды тапсырды.

Биыл кәсіпкерлер үшін "Е-салық-бизнес" ақпараттық жүйесін іске қосу өте маңызды. Ол кәсіпкерлерге оңай тіркелуге, салық төлеуге және есепті автоматты режимде тапсыруға мүмкіндік беруі тиіс, деді Смайылов.

Жаңалықтар
0