Экономика

Бәсекелестікті қорғау агенттігі баспананың қымбаттау себебін түсіндірді  

© Sputnik / Абзал КалиевКлючи, иллюстративное фото
Ключи, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.02.2021
Жазылу
Бәсекелестікті қорғау агенттігіндегілер ескі үйлердің бағасын қымбаттату бойынша сөз байласу ықтималдылығын жоққа шығарды

НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан — Sputnik. Өткен жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстанда ескі үйлер бағасы 12,5%-ке қымббаттады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғариннің депутаттық сауалға берген жауабында осындай мәліметтер келтірілген. 

Оның мәліметінше, соңғы бес айда тұрғын үй нарығында жаңа үйлердің бағасы 5%-ке қымбаттаған. Айта кету керек, 2019 және 2020 жылдардың сәйкес кезеңдерінде бұл көрсеткіш 3%-тен аспаған.

"Сонымен қатар, ескі үйлер нарығында да баға 12,5%-ке қымбаттағаны байқалды. Ескі пәтерлерін сатқысы келетіндер санының артуы (пәтер сатылатыны туралы 130 мыңнан астам хабарландыру) бағаны қымбаттату бойынша алдын ала сөз байласу фактісі жоқ екенін дәлелдейді. Баспана бағасының қымбаттауына сұраныстың күрт өсуі себеп болып отыр", - деді Жұмағарин.

Зейнетақы жинағын баспана сатып алуға жұмсауға рұқсат берілді

Тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында алуға болатын зейнетақы жинағының жалпы сомасы шамамен 1,4 триллион теңгені (3,3 миллиард доллар) құрайды. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2019 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 4,4 триллион теңгені құраса, оның ішінде тұрғын үй құрылысының көлемі 881 миллиард теңге болған.

Қазақстанда процентсіз ипотека алуға болады: жалақы қанша болу керек 

Қазір тұрғын үй құрылысы нарығында бәсекелестікті дамыту мақсатында ұлттық жоба аясында тауар нарығына кірудің негізгі кедергісі ретінде үлестік тұрғын үй құрылысына қатысушыларға қойылатын талаптарды жеңілдету мәселесі пысықталып жатыр.

Депутат Қазақстандағы баспананың шекті бағасын енгізуді ұсынды

Өзінің депутаттық сауалында мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов баспананың шаршы метрі үшін шекті баға енгізуді ұсынды. Бәсекелестікті дамыту және қорғау агенттігінің төрағасы баға белгіленетін тауарлар, жұмыстар мен қызметтер тізімі Кәсіпкерлік кодексімен анықталатынын еске салды.

"Бағаны реттеу механизмін енгізу тауар нарығының инвестициялық тартымдылығы мен перспективасын төмендететінін ескеру керек", - деді Серік Жұмағарин.

3 ақпанда мәжіліс депутаттары ипотекалық мемлекеттік бағдарламалар бойынша сатылатын тұрғын үйлерге шекті баға белгілеуді ұсынды. Депутаттар "импортталған құрылыс материалдарының көлемі азаймай тұрғанына және отандық өндіріс дамымай жатқанына" да назар аударды. Парламент өкілдерінің пікірінше, ипотеканы мемлекеттік субсидиялаумен қатар баспана бағасы да шарықтап барады.

16 ақпанда өткен үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы баспана сатып алу және ем қабылдау үшін зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын қолданғысы келген қазақстандықтардың 1,8 триллион теңгеден астам соманы құрайтын 78 мың өтінімі мақұлданғанын хабарлады.

Жаңалықтар
0