Экономика

Ұлттық банк қандай банкноттар жарамсыз болып қалғанын хабарлады

© Photo : Пресс-служба Национального банка КазахстанаЗдание Национального банка Казахстана
Здание Национального банка Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.02.2021
Жазылу
Олар жеке тұлғалар үшін 2020 жылдың 21 желтоқсанынан 2021 жылдың 1 ақпанына дейін Ұлттық банк филиалдарында алмастырылған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 3 ақпан — Sputnik. 2006 жылы шыққан екі, бес және он мың теңгелік банкноттар 1 ақпаннан бастап жарамсыз болды. Қабылданбайды және ауыстырылмайды, деп хабарлады Ұлттық банк.

Олар жеке тұлғалар үшін 2020 жылдың 21 желтоқсанынан 2021 жылдың 1 ақпанына дейін Ұлттық банк филиалдарында алмастырылған болатын.

Осы уақыт ішінде алматылықтар (28,2%), астаналықтар (9,5%) және Қарағанды облысының тұрғындары (7,5%) республика бойынша ең көп ауыстырды. Негізінен, екі мың (44,1%) және бес мың теңгелік купюра тапсырылды. Он мың теңгелікті (25,0%) ауыстырғандар аз болды.

Жаңалықтар
0