Экономика

Зейнетақы жинағы жоқ азаматтар да өтініш жіберіп жатыр

© Sputnik / Абзал КалиевДомик и монетки тенге
Домик и монетки тенге  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өтініш түсірген 10 мыңнан астам адамның 2 мыңы қорындағы қаржысы жетпей тұрса да ақша сұратқаны белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар – Sputnik. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 8 мыңнан аса қазақстандықтың өтінішін мақұлдап, есепшоттан 49 миллиард теңге шешіп алуға рұқсат етті.

Төрт күнде барлығы 10 292 адам өтініш түсірген екен. Алайда тек 8 мың адамның ғана өтініші орынды болып шыққан. Қалған 2 мың адам қорындағы қаржысы жетпей тұрса да ақша сұратыпты. Тіпті зейнетақы шоты жоқ азаматтар да жұрттан қалыспай өтініш жіберген, деп хабарлады КТК.

Оқи отырыңыз: Депутат ерлер мен әйелдер үшін зейнетақы жасын төмендетуді ұсынды 

Мақұлданған 49 миллиард теңге бес күннің ішінде банктердегі азаматтардың арнайы есепшотына аударылады. Қазір бұл қаржылық операцияны 4 банк: "Отбасы банк", "Халық банк", "Банк Центр Кредит" және "Алтын банк" жүзеге асырады.

Зейнетақы шотынан алынған ақша жеке қолға берілмейді. Егер ол сома 45 күн ішінде пайдаланылмаса, зейнетақы қорына қайтарылады. Ақшаны қайта шешіп алу үшін азаматқа қайтара өтініш жазуға тура келеді.

"Қателік болмау үшін салымшыларымыз алдымен өз есепшотын тексеріп, көз жеткізу керек. Содан кейін ғана уәкілетті оператордың сайтында өтініш береді", - дейді "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ департамент директоры Қайрат Кенбаев.

Жаңалықтар
0