Экономика

Зейнетақы жинағын пайдалану: өтінім беру сайтында жаңа функция іске қосылды

© Скриншот /hcsbk.kz"Отбасы банк" басты бетінің скриншоты
Отбасы банк басты бетінің скриншоты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өтінім беру кезінде деректерді қате енгізген немесе зейнетақы жинағын пайдалану мақсатын өзгерткісі келетін адамдар берген өтінімін жоя алады

НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар – Sputnik. Enpf-otbasy.kz онлайн-платформасында жаңа функция пайда болды. Енді қазақстандықтар зейнетақы жинағын алуға берген өтінімін жойып тастай алады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Біз онлайн-платформаның алғашқы жұмыс күнін бақылап, платформаның мүмкіндіктерін кеңейттік. Енді, егер сіз деректерді енгізу кезінде қате жіберген болсаңыз немесе біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану мақсатын өзгерткіңіз келсе, жеке кабинетіңізге кіріп, өтініміңізді жойып тастай аласыз", - деп хабарлады "Отбасы банк" Instagram-да.

Ол үшін:

  • жеке кабинетке кіріп,"менің өтінімдерім" батырмасын басыңыз;
  • жойғыңыз келетін өтінімді таңдаңыз;
  • экранның төменгі бөлігіндегі "өтінімді жоюды" басыңыз.

Онлайн платформада жұмыс істеу үшін қолданыстағы электронды цифрлық қолтаңба мен NCALayer сертификаты қажет. Сертификаттарды Pki.gov.kz сайтынан жүктеп алуға болады.

Отбасы банк зейнетақы жинағын алуға қатысты барлық жұмысты тәулік бойы тек компьютерден немесе ноутбуктен орындауға болатынын еске салды.

Сондай-ақ, банк enpf-otbasy.kz онлайн-платформасында өтінім неге жойылуы мүмкін екенін түсіндірді.

Оның бірнеше себебі бар:

  • егер қажет сома "0" деп көрсетілсе;
  • егер қаражат сомасы қосымша белгілермен жазылса.

"Мысалы, "1.000.000" немесе "1000000,00" түріндегі сомаларды жүйе қабылдамай, дөңгелектуді сұрайды. Яғни соманы қосымша белгілерсіз "1000000" немесе "1234567" түрінде көрсету керек", - деп нақтылады банк.

Егер бәрі дұрыс енгізілсе, жүйені жаңарту немесе қайта кіру қажет.

Еске салсақ, 23 қаңтарда Қазақстанда зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын алуға өтінім қабылдау басталды.

www.enpf-otbasy.kz онлайн-платформасында зейнетақы жинағын алуға өтінімді қалай беруге болатыны көрсетілген видеонұсқау жарияланды.

Жаңалықтар
0