Экономика

БЖЗҚ салымшыларға 193 млрд теңгеден астам қаржы аударды

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги, тенге, купюры, банкноты
Деньги, тенге, купюры, банкноты   - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандықтар 2021 жылы зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын "Отбасы банк" пен Halyk Bank арқылы ала алады

АЛМАТЫ, 21 қаңтар – Sputnik. 2020 жылы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларға 193 миллиард теңгеден астам қаржы аударды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қордың хабарлауынша, 2021 жылдың бірінші қаңтарында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 364 799 адамға төлем жасады. Жалпы алғанда 193,4 миллиард теңгеге 2,4 миллионнан астам зейнетақы төлемі мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды.

Оның ішінде:

  • зейнет жасына жету бойынша төлемдер – 67,7 миллиард теңге;
  • сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 46,3 миллиард теңге;
  • тұрақты тұрғылықты жеріне кету бойынша – 36,5 миллиард теңге;
  • мұрагерлік бойынша төлемдер – 36,5 миллиард теңге;
  • жерлеуге төленетін төлемдер – 4,4 миллиард теңге;
  • мүгедектік бойынша төлемдер – 1,7 миллиард теңге.
  • Осылайша, зейнеткерлік жасқа толуына байланысты ай сайынғы орташа төлем 22 978 теңгені құрады, ең жоғары сома – 506 980 теңге.

Айта кетейік, қазақстандықтар 2021 жылы зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын "Отбасы банк" пен Halyk Bank арқылы ала алады. 

Бұған дейін Қор зейнетақы жинағының көлемін бірнеше тәсілмен тексеруге болатынын хабарлады.

 

Жаңалықтар
0