Экономика

Министрлік қазақстандықтарға 366 млрд теңге жәрдемақы төленгенін айтты

© Sputnik / Абзал КалиевАқша, теңге, тиындар
Ақша, теңге, тиындар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еңбек министрлігі былтыр Қазақстан азаматтарына мүгедектігі және асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттен төленген әлеуметтік жәрдемақының мөлшерін жариялады

НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. 2020 жылы қазақстандықтарға мүгедектікке және асыраушысынан айырылуына байланысты 366 миллиард теңгеден астам жәрдемақы төленді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2021 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша әлеуметтік жәрдемақы алатындар саны шамамен 525 мың адамды, асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алатындар 166 мың адамды құрады.

"2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында республикалық бюджеттен 366 миллиард теңгеден астам жәрдемақы, оның ішінде мүгедектігі бойынша 291 миллиард теңге, асыраушысынан айырылуына байланысты 75 миллиард теңге төленді", - делінген ведомствоның сайтында.

Мүгедектігі бойынша жәрдемақы мөлшері мүгедектік тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.

Тағы оқыңыз: Балаға берілетін жәрдемақы - 2021: кімге, қалай және қанша төленеді?

Мәселен, былтыр 1 сәуірден бастап жалпы аурудан болған I топтағы мүгедектерге 62 723 теңге, II топқа – 49 983 теңге, III топқа – 33 975 теңге, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға 45 736 теңге төленді.

Асыраушысынан айырылуына байланысты берілетін жәрдемақы қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушының асырауындағы адамдардың санын, қайтыс болу себебін және ең төменгі күнкөріс деңгейін ескере отырып есептеледі.

Мысалы, 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап асырауындағы бір адам үшін жәрдемақы 28 095 теңгені, ал екі адам үшін 48 676 теңгені құрады.

Жаңалықтар
0