Экономика

Қарағандыда 700 млн теңгеге жалған құжат жасағандар ұсталды

© Photo : pixabay.comБизнес, смета, бизнес-план, закупки, иллюстративное фото
Бизнес, смета, бизнес-план, закупки, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бюджетке салық төлеуден жалтару кезінде салық төлеуші-контрагенттерге көмектесті деп айыпталған 7 адам сот алдында жауап береді

АЛМАТЫ, 18 қаңтар — Sputnik. Қарағанды облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жалған шот-фактуралар жазу бойынша заңсыз қызметпен айналысқан топты әшкереледі.

"Тергеу барысында 7 адамнан тұратын топ жалған келісімшарттар жасау және шығындарды жасанды көбейту арқылы бюджетке салық төлеуден жалтарғаны анықталды. Олар салық төлеушілер-контрагенттерге көмектесу мақсатында бақылауда ұстаған 13 кәсіпорын құрған", - деді Қарағанды облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті.

Қылмыстық іс-әрекеттен келген жалпы залал 700 миллион теңгеден асады.

Алты күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат, бір күдіктіге қатысты үйқамақ түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Жаңалықтар
0