09:15 25 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD427.01
  • EUR509.94
  • RUB5.91
Экономика
Қысқа сілтеме алу
268 0 0

Қағаз нұсқадағы декларация 2021 жылдың 15 шілдесінен кешіктірілмей, электронды түрдегі декларация 2021 жылдың 15 қыркүйегінен қалмай тапсырылуы тиіс

АЛМАТЫ, 13 қаңтар – Sputnik. Мемлекеттік кірістер комитеті 2021 жылы мемлекеттік қызметшілердің қандай декларация тапсыратынын хабарлады.

Комитет баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап табыс пен мүлік туралы декларацияны ұсыну тоқтатылды. Енді мемлекеттік қызметшілер активтер мен міндеттемелер туралы декларация тапсыруы қажет.

Декларация тұрғылықты жері бойынша қағаз нұсқада тапсырылған жағдайда 2021 жылдың 15 шілдесінен кешіктірілмей, электронды түрде ұсынылған жағдайда 2021 жылдың 15 қыркүйегіне дейін тапсырылуы тиіс.

Айта кетейік, 2020 жылы мүлік табысын, Қазақстан Республикасынан тыс жердегі табысын және Салық кодексінің 363-бабында (жеке табыс салығы бойынша декларация) көзделген өзге де кірістері болған жағдайда мемлекеттік қызметшілер тұрғылықты жері бойынша салық органына жеке табыс салығы бойынша декларация тапсырады.

Бұл декларацияны 2021 жылдың 31 наурызына дейін өткізу қажет.

Салық Кодексінде жалпыға бірдей декларациялау төрт кезеңмен жүзеге асырылады.

Бірінші кезеңде (2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап) декларация тапсыруға міндетті:

  • жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары;
  • мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген және оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары;
  • "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңға және "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "сақтандыру қызметі туралы", "бағалы қағаздар рыногы туралы" заңға сәйкес табыс ету міндеті жүктелген адамдар.
Кілт сөздер:
салық
Загрузка...

Басты тақырып