Экономика

Мамин: 2020 жыл күрделі болды

CC0 / / Есеп-қисап
Есеп-қисап - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мамин қаңтар айының соңында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілгенін отырысы өтетінін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Үкімет басшысы Асқар Мамин Қазақстан 2020 жылы барлық сын-қатерді еңсеріп шыққанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"2020 жыл күрделі болды. Бірақ, барлық сын-қатерді дер кезінде қабылданған нақты шаралардың арқасында еңсердік... Жалпы, пандемияның елеулі әсеріне және жаһандық экономикалық дағдарысқа қарамастан, Қазақстанның экономикасы тұрақты екенін көрсетті", – деді премьер-министр үкімет отырысында.

Ол нақты сектордағы негізгі салалар, соның ішінде өңдеу өнеркәсібі, құрылыс және ауыл шаруашылығы салаларындағы өсім – экономика тұрақтылығының басты факторына айналғанын атап өтті.

"Құрылыс көлемі 11,2%-ке артты. 15,3 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, бұл көрсеткіш 16,8 процентке ұлғайды. Мұндай жоғары көрсеткіш бұрын болмағанын атап өту қажет", – деді Мамин.

Айтуынша, экономиканың тұрақтылығы жұмыссыздық деңгейін 5% дейінгі аралықта ұстап тұруға мүмкіндік берді. Соның арқасында халықтың нақты табысы айтарлықтай төмендеген жоқ.

Жағдай қалыпты десек те…

Сондай-ақ, ол елдегі эпидемиологиялық жағдай бақылауда екенін, дегенмен кейбір өңірлерде азаматтардың қауіпсіздігі үшін әлі де бірқатар шектеу барын атап өтті.

Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты қызмет көрсету секторы да біртіндеп қалпына келе бастаған.

"Қазіргі жаһандық экономикалық жағдайда Қазақстанның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету – партияның "Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!" сайлауалды бағдарламасын тиімді іске асыру арқылы қамтамасыз ету керек. Осының арқасында, ең бастысы, халықтың өмір сүру сапасын жақсартып, әл-ауқатын арттыруға жағдай жасалады. Осыған байланысты барлығымыз партияның бағдарламасын іске асыруға бар күш-жігерімізді салуымыз қажет.", – деді ол.

Оқи отырыңыз: "Соңғы 100 жылда болмаған": Экономика министрлігі жағдай қалай өзгеретінін болжады

Бұдан бөлек, Мамин қаңтар айының соңында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілгенін отырысы өтетінін мәлімдеді. Жиында өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және биылға арналған міндеттер қаралады.

Жаңалықтар
0